Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқандардың жақындарына наградалар берілді

Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқандардың жақындарына наградалар берілді

Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқандардың жақындарына наградалар берілді
ашық дереккөзі
448

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде қаза болған өрт сөндірушілердің отбасыларына мемлекеттік наградалар табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысында әскери қоймадағы өртті сөндіру барысында қайтыс болған құтқарушылар мен әскери қызметшілерді марапаттады. Шымкент қаласына жұмыс сапарымен барған Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин және қала әкімі Мұрат Әйтенов Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы Тұрманов Жәнібек Жасұзақұлының ағасына ІІІ дәрежелі «Айбын» орденін табыс етті. Шара түске дейін Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде өтті. Түстен кейін Юрий Ильин Жамбыл облысының Тараз қаласына барды. Төтенше жағдайлар министрі мен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қайтыс болған өрт сөндірушілерінің туыстарына мемлекеттік наградаларды табыстады.  width= Әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін марқұм Заикин Сергей Владимирович Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы І дәрежелі «Айбын» орденімен, № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері-құтқарушылары Әділбек Әділет Қанатбекұлы мен Кеңес Әліби Бексұлтанұлы, № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің автомобиль жүргізушісі-қызметкері Қуатбек Ғафан Жомартұлы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.    

Серіктес жаңалықтары