3559
Той жасауға рұқсат: Елімізде карантин жеңілдетілмек
Той жасауға рұқсат: Елімізде карантин жеңілдетілмек
Елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақтануына байланысты карантин жеңілдетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.
Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Отырыста карантинді жеңілдету бойынша бірқатар шешім қабылданды:- 27 қыркүйектен бастап Ashyq бойынша "қауіпсіз" мәртебесі бар қызметкерлер мен келушілердің қатысуымен келесі іс-шараларды өткізуге рұқсат етілсін ( қызметіне қатысты карантиндік талаптар жеңілдетілген нысандар тізімі кестеде көрсетілген).
- 16 елмен әуе қатынасын жаңарту және ұлғайту (Ресей Федерациясы, Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Германия, Мальдивы, Корея, Польша, Венгрия, Италия, Чехия, Шри-Ланка, Қытай, Сауд Арабиясы, Кувейт, Әзірбайжан).
- Қолайлы эпидемиологиялық ахуалы және халықты вакциналаудың жоғары деңгейі бар 30 шет мемлекетпен Қазақстан Республикасына кіру үшін визасыз режимді қайта бастау (Италия, Нидерланды, Франция, Германия, Испания, Жапония, БАӘ, Сауд Арабиясы, Кувейт, Польша Дания, Чили, Венгрия, Корея, Чехия, Бахрейн, Катар, Монако, Кипр, Исландия, Финляндия, Мальта, Швеция, Португалия, Лихтенштейн, Словакия, Люксембург, Канада, Сингапур, Бельгия).