Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу мәселесі талқыға салынды

Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу мәселесі талқыға салынды

Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу мәселесі талқыға салынды
ашық дереккөзі
216
ірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының басқарма төрағасы Руслан Ерденаев Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу мәселесін қозғауға әлі ерте деп санайды. Ол үшін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне барлық еңбекке жарамды азаматтар қатысуы қажет. Дегенмен, бүгінде аталған мәселе үкімет деңгейінде талқыланып жатыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Біз қазір Сингапур, Малайзия, сондай-ақ бірқатар көрші елдердің зейнетақы жүйесін сараптап жатырмыз. Бір айта кететін жайт, шет елдерде зейнетақы жинақтары мерзімінен бұрын міндетті түрде салымшының денсаулығын нығайтуға және оны баспанамен қамтамасыз етуге жұмсалады. Ол үшін жеке зейнетақы шотында жинақ жеткілікті көлемде болуы керек. Яғни, зейнетақы жинағының көлемі зейнеткердің кем дегенде ең төменгі күнкөріс деңгейін қамтамасыз етуге жеткілікті болуы тиіс. Ал зейнетақы жинақтары жеткілікті көлемде болуы үшін әлем елдерінде ерікті зейнетақы жарналарын тарту жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп келеді. Демек, елімізде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне барлық еңбекке жарамды азаматтар қатысуы тиіс және ерікті зейнетақы жарналарын тарту жұмыстарын барынша дамыту қажет. Онсыз зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу мәселесін шешу мүмкін емес. Қазір, бұл мәселе Үкімет деңгейінде талқыланып жатыр», - деп жауап берді Р.Ерденаев «ҚазАқпараттың» ресми сауалына. Айта кетейік, бүгінде қазақстандықтар барлығы бірдей зейнетақы салымдарын мерзімінен бұрын ала алмаса да, ақшаны ерікті түрде салып жатқан азаматтарға 50 жасқа келгенде ондай мүмкіндік беріліп отыр. Бұдан бөлек,  I және II топтағы мүгедектер де зейнетақы салымдарын мерзімінен бұрын ала алады. Сондай-ақ зейнетақы аннуитетін сатып алған 50 жастағы әйелдер мен 55 жастағы ер адамдарға ол ақшаны пайдалануға рұқсат бар. Айта кетейік, БЖЗҚ-ында 10,1 млн. зейнетақы салымдары бар. Соның басым бөлігі - 9,6 млн.-ы міндетті зейнетақы салымдарының үлесінде. Қазіргі кезде қазақстандықтар салған жинақтардың жалпы соммасы 6,2 триллион теңгені құрап отыр.  

Серіктес жаңалықтары