Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің бөлім басшысы қамауға алынды

Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің бөлім басшысы қамауға алынды

Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің бөлім басшысы қамауға алынды
ашық дереккөзі
843

Алматы облысы Сарқан аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Сәбит Ғабитұлы қамауға алынды, деп хабарлайды NEGE.KZ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің ресми мәліметінше, мемлекеттің 32 млн теңге ақшасын жымқырды деген күдікпен Сарқан аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Сәбит Ғабитұлы ұсталған.
«Аталған бөлімнің басшысы мемлекеттік «Жұмыспен қамту жол картасы 2020-2021» аясында бөлінген қаржынының 32,9 млн теңгесін жымқырды деген күдікпен ұсталды. Яғни, аталған қомақты қаражат Сарқан ауданының Бақалы, Алмалы және Көкөзек ауылдарындағы спорттық алаңдарына бөлінген. Қазір аталған бөлім басшысы уақытша ұстау изоляторына қамалды»,- деп жазылған ведомство хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары