Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласының тұрғыны Елена Рагузова “барби” қуыршаққа ұқсағысы келген.
22 жастағы қыз белін жіңішкерту үшін пышаққа түсіп, екі қабырғасын алдыртып тастаған. Ол сондай-ақ құлағының да пішінін өзгерткен, деп хабарлайды tengrinews.kz.
Бойы 170 сантиметр болатын қыздың салмағы шамамен 40 келі. Операциядан бұрын оның белі небары 50 сантиметр болатын. Oперациядан кейін 46 сантиметр болған.