Солтүстік Қазақстан облысының шенеуніктері іссапар уақытында кафеде көңіл көтерген. Мекеменің даяшысы полиция шақыруға мәжбүр болған, деп хабарлайды "Петропавл News".
Солтүстік Қазақстан облысы Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекция басшысының орынбасары Сергей Калякин (ол сондай-ақ Әдеп жөніндегі кеңесте уәкіл қызметін атқарады) және осы ведомствоның Есіл аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Таңатар Айхожаев дәмханада шу шығарып, ыдыс-аяқ сындырған. Медициналық куәландыру олардың орташа дәрежеде мас күйде болғанын көрсетті.
Этика кеңесінде шенеуніктерді ветеринариялық іс-шаралар өткізу үшін қызметтік іссапарға жіберілгені белгілі болды.
Сергей Калякинді этика кеңесінде қызметінен босатты. Бірақ ол біраз уақыттан кейін мемлекеттік қызметке қайта орналаса алады. Бірақ Таңатар Айхожаевтың заңсыздығы егжей-тегжейлі қаралды.