433
Екпе салуға болатын санаттағы Шымкент тұрғындары 100 пайыз вакциналанды
Екпе салуға болатын санаттағы Шымкент тұрғындары 100 пайыз вакциналанды
Шымкент қаласы «жасыл» аймаққа өтті. Қалада вакцина салуға болатын санаттағы адамдардың 100 пайызы екпе алды, деп хабарлайды Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
«Үшінші мегополисте індеттің таралуы азайып, инфекциялық стационардағы төсек орындардың басым бөлігі қысқарды. Кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясының 28 жағдайы тіркелді. Бүгінде 397 адам стационарда ем қабылдап жатыр. Төсек-орын 48 пайызға толы, 416 төсек-орны бос», деп жазылған хабарламада.Қазір қала бойынша вакинаның I компонентін 536 000 адам, ІІ компонентін 454 848 адам салдырды.