Ақмола облысында 168 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

Ақмола облысында 168 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

Ақмола облысында 168 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды
ашық дереккөзі
522

Ақмола облысында 168 лауазымды тұлға жол қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз етпегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың арасында аудандық әкімдіктердің бөлім басшылары, жол компанияларының мамандары мен ауыл әкімдері де бар. Мәселен, Көкшетау мен Щучинск қаласы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімдерінің жетекшілері, «ҚазақАвтоЖол» мекемесінің облыстық филиалы директорының орынбасары мен Егіндікөл ауылының әкіміне 43 мың теңгеден айыппұл салынды. Олар құзырлы органдардың жолды ретке келтіру жайлы ескертпесін орындамаған. Полиция қызметкелерінің айтуынша, жол-көлік апатының алдын алу үшін мұндай тексерістер жиі жүргізіліп тұрады. Айбек Хасенов, облыстық әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:
- Қазіргі таңда осындай 2053 тексеріс жүргізіліп, жергілікті атқарушы органдарға 257 хат жолданды. Енді біз жолға жауапты мекемелердің қысқа дайындығын тексеруді бастадық. Ол жерде техникалардың әзірлігі, мұзға себетін материалдардың бар-жоқтығы, тіпті, қосалқы бөлшектердің қоры қаралады.

Серіктес жаңалықтары