«Жолаушылар тасымалы» АҚ 10 қазаннан бастап әйелдер вагонына билеттер сата бастады, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметі.
Жобаны іске асыру үшін №77/78 «Алматы – Маңғыстау» және №351/352 «Алматы-1 – Өскемен» жолаушылар пойыздарында бір купе вагоны іске қосылды.
BILET.RAILWAYS.KZ сайтында немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында темір жол билеттерін рәсімдеу кезінде «ЖН» (әйелдер) белгісі болған жағдайда бұл вагон тек қана әйел адамдарға (толықтай вагонға) билет сатуға арналғанын білдіреді. Сондықтан ер жолаушылар пойыз билеттерін сатып алғанда абай болу керек. Бұл ретте аталған вагонға еріп жүретін адам болған кезде 7 жасқа дейінгі ер жынысты балаларды ресімдеуге рұқсат етіледі.
Бірінші рейске (№77 – 58п. пойызы, №351– 34п. пойызы) «әйелдер» вагонына 92 жолаушының жол жүру құжаттары (билеттерін) рәсімделді.