Ауыл шаруашылығы министрлігі ұн мен астық импорты қалай жүріп жатқанын айтып берді, деп жазады "КазахЗерно.kz".
Еліміз жыл сайын астық эквивалентінде 7-8 миллион тонна астық пен ұн экспорттайды.
Қазақстан аумағында жұмыс істейтін 300 ұн экспорттаушының 183-і оны әртүрлі мемлекеттерге, 49-ы тек Ауғанстанға жөнелтеді.
Ауғанстанда билік ауысқанда серіктес елдермен сауда операциялары тоқтап қалған. Қазір бұл проблемалар шешілді: транзакциялар үшінші елдердің банктері арқылы жүзеге асырылады.
Бір ай ішінде қазақстандық экспорттаушылар Ауғанстанға 60,2 мың тонна ұн мен 15,6 мың тонна астық жөнелткен. Болашақта жеткізу көлемі артпақ.