Нұр-Сұлтанда Қазақстан мен Италияның қорғаныс министрліктері халықаралық ынтымақтастық департаменттерінің өкілдері полковник Олжас Құсайынов пен полковник Лука Витали кездесті.
Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тараптар әскери ынтымақтастық, оның ішінде бітімгершілік қызмет, әскери білім беру, сондай-ақ әскери-теңіз шеңберіндегі ахуал мен перспективаларды талқылады.
Штабтық келіссөздердің қорытындысы бойынша 2022 жылға арналған Әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.
Сапар аясында Италия делегациясы Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне барды. Делегация басшысы университет тыңдаушыларына халықаралық геостратегиялық мәнмәтіндегі Италия қорғаныс позициялары жөнінде дәріс оқыды. Шетелдік қонақтарға Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.