Медицина қызметкерлерін "алдаған" вайнер жауапқа тартылуы мүмкін

Медицина қызметкерлерін "алдаған" вайнер жауапқа тартылуы мүмкін

Медицина қызметкерлерін "алдаған" вайнер жауапқа тартылуы мүмкін
ашық дереккөзі
1893

Вайнер Мейіржан Төребаев медицина қызметкерлерін "алдағаны" үшін жазалауы мүмкін.

Вайнер өзінің Instagram парақшасында медицина қызметкеріне әзілдегені жайлы бейнеролик жариялады. Видеода ол вакцина алуға келіп, "Спутник V" препаратын салдырғанын, содан кейін саусақтары қарысып қалғанын айтады. Таңданған дәрігерлер оған көмектесу үшін бірден әрекет жасаған. Роликтің соңында блогер дәрігерлерге бұл әзіл екенін айтады. Кадрларға қарағанда, ролик Алматының сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде түсірілген. Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы видеода № 4 қалалық емхананың қызметкерлері екенін хабарлады.
"Емхана басшылығы әкімшілік жауапкершілік шараларын қабылдау үшін құзыретті органдарға шағым береді. Себебі халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекс мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан азаматтары тарапынан медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметіне араласуға тыйым салады", - деп хабарлады Алматы ҚДСБ баспасөз қызметі.
Бұл үшін вайнер 30 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалауы немесе 10 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Turebayev Meirzhan ?? (@meirzhach_tv)

Серіктес жаңалықтары