«Nur Otan»: азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесі талқыланды

«Nur Otan»: азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесі талқыланды

«Nur Otan»: азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесі талқыланды
ашық дереккөзі
467

«Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасындағы тұрақтандыру қоры мен 12 өндіріс құру мәселесі партияның ерекше бақылауында.

Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жол картасы аясында осы жылы бірнеше құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындар іске қосылды, атап айтқанда, бетон зауыты, тас төсеуіш және құрғақ қоспалар өндірісі. 21 қазанда «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы жанындағы экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы кезінде партия мүшелері Индустриялық саябақтағы «Format Pro»  ЖШС және «ТАЛ Инженеринг Казахстан» ЖШС кәсіпорындарын аралады.  width=
«Индустриялық саябақта қазіргі уақытта 51 кәсіпорын жұмыс істеп тұр, олардың 28-не жылу қосылған. Саябақты жылумен жабдықтау схемасында 3 іске қосу нысаны жұмыс істейді.»- деді отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Жұмашұлы Байсадықов.
Сонымен қатар, Кеңес мүшелері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік  бағасын тұрақтандыру туралы да талқылады. «Астана» ӘКК басқарушы директоры Арыстан Арсламбековтың айтуынша «Мир Круп» ӨК ЖШС-мен күріш, қарақұмық және қант бойынша келісімшарт жасалынған. «Мир Круп» ӨК ЖШС келісімшартқа сәйкес айналым механизмінің арқасында қаладағы сауда орталықтарында аталған азық-түлік түрлерін белгіленген тұрақты бағамен жеткізетін болады: күріш- 245 теңге, қарақұмық – 330, қант – 320. Кеңес қорытындысында партия мүшелері Нұр-Сұлтан қаласының отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасына осы жылдың соңына дейін жылу желілерін іске қосуды аяқтау және барлық АЭА кәсіпорындарын орталық жылу желісімен қамтамасыз ету ұсынылды. "Астана" ӘКК-не елорда азық-түлік қауіпсіздігінің жүйелі мәселелерін анықтау үшін қоймалардағы азық-түлік қорлары туралы толық ақпарат беру тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары