Теміртаудағы әскери бөлімде 20 жастағы сарбаз өзін-өзі атып тастаған

Теміртаудағы әскери бөлімде 20 жастағы сарбаз өзін-өзі атып тастаған

Теміртаудағы әскери бөлімде 20 жастағы сарбаз өзін-өзі атып тастаған
ашық дереккөзі
666

Теміртау қаласындағы 5516 әскери бөлімінде 20 жастағы сарбаз өзін-өзі атып тастаған.

Қайғылы оқиға 21 қазан түнгі сағат 01:30 шамасында болған екен. Ол өзіне қол салардың алдында кезекшілікте болған. Бұл туралы Қазақстан ұлттық арнасы хабарлады.
"Сарбаз өзіне бекітілген қарудан басына оқ атқан. Ол дереу қалалық ауруханаға жеткізілген. Өкінішке қарай, қабылданған шараларға қарамастан, оның өмірін құтқарып қалу мүмкін болмады. Түнгі сағат 02:20 шамасында сарбаздың өлімі тіркелді", - деп жазылған Ұлттық гвардияның "Орталық" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі ұсынған хабарламада.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары