412
Алматыда заңсыз жүрген 58 шетел азаматы ұсталып, елден қуылды
Алматыда заңсыз жүрген 58 шетел азаматы ұсталып, елден қуылды
Алматыда «Келімсек» алдын алу шарасы өтіп жатыр. Осы шара аясында елден шығару туралы сот шешімін орындамаған Өзбекстан азаматтары ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматыда «Келімсек» шарасы басталған алты күннің ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 1 295 адам әкімшілік жауапқа тартылған, оның 1 036-сы – шетел азаматтары. 58 шетел азаматы елден шығарылды. Сонымен қатар, заңды елемеген қандастарымызға қатысты да әкімшілік шара қолданылды.«Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында жүріп-тұру заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қабылдамағаны үшін 235 адам жазаланды. Шетелдік жұмыс күшін тарту ережесін бұзғаны үшін 24 жұмыс берушіге айыппұл салынды», – деп түйіндеді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Геннадий Мен.