Ғали Ормановтың 1939 жылғы күнделігі табылды

Ғали Ормановтың 1939 жылғы күнделігі табылды

Ғали Ормановтың 1939 жылғы күнделігі табылды
ашық дереккөзі
539
Халқымыздың ардақты ақындарының бірі, талантты лирик, ғажап аудармашы, білікті әдебиетші, қаламы жүйрік журналист, қазақ поэзиясының көрнекті көркемсөз шеберлерінің бірі – Ғали Орманов жер жәннаты Жетісу өлкесінде, қазіргі Алматы облысының Қапал ауданына қарасты Ешкіөлмес тауының бауырында дүниеге келген. Қазақ әдебиетіне 20-жыл­дар­дың соңғы ширегінде келген, қа­зақ поэзиясының қалып­тасуы­на, дамуына, өсіп-өркендеуіне ерекше үлес қосқан ақынның бірі. Орыстың, Шығыстың клас­си­калық үлгілерін аударып, қазақ әде­биетінің аударма саласында да біршама үлес қосып, ірі жұ­мыс­тарды игерді. Жамбыл Жа­баевқа 1939-1945 жылдар ара­лы­ғында әдеби хатшылық қызмет ат­қарған. Ол – жан сырларын, та­биғат сипаттарын суреттеген, ли­рикалық жырларын азамат­тық әуендермен тоғыстыра біл­ген толымды ақын. Көптеген өлең жинағының, бірнеше поэма, әңгіме және очерктің авторы атанды. 1938-1945 жылдары Жамбыл Жа­баевтың әдеби хатшысы бол­ған ақын Ғали Ормановтың ла­тын қарпімен жазылған күнделігі табылды. Ақынның жиен-немересі Айдар Қырықбайұлы­ның сөзінше, күнделік шамамен 1939 жылы жазылған.  width=«Күнделік латын әліпбиімен жазылған. Сол күйі сақталып, жазуы өзгермеген. Бүгінде сол күн­делік жазылған әліпбиді біле­тін адамдар аз екен. Сондықтан күнделікті жаңартып қойдық. Алдағы уақытта аударуға береміз. Күнделіктің мазмұны бойынша Жамбыл атамызға кімдер келген, қандай мәселелер талқыланған деген секілді мәлімет көрсетілген. Күнделік ешқайда жарық көр­ме­ді. Сондықтан Жамбыл атамыз­дың шығармашылығын зерттеуге септігін тигізеді деп ойлаймын», – деді ол. Күнделікті Ғали Ормановтың жары Айтбала Орманова сақта­ған. Кейіннен қолдан-қолға өтіп, күнделік осы күнге жеткен. Бү­гін­де күнделік атамыздың қызы Жа­миға Ғалиқызына табысталды. «Елордада бір мектепке ата­мыздың есімі берілген. 2007 жыл­дан бері аталған мектептің ал­ды­на бюст орнату мәселесі көтері­ліп келеді. Қала әкімі Бақыт Сұл­танов болып тұрған кезінде бюд­жеттен Ғали Ормановтың бюс­тін орнату мәселесі бекітілген болатын. Өкінішке қарай, бүгінге дейін мектептің алдына бюст әлі орнатылмады. Осы мәселені Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов назарына алса екен», – деп түйіндеді сөзін А.Қырық­байұлы. Айта кетейік, Ғ.Орманов қыр­ғыз эпосы «Манастың» 1-кітабын, А.Пушкиннің, М.Лер­­­мон­товтың, Ян Райнис­тің, Ф.Мақ­тымқұлының бірқатар поэмасын, Н.Гогольдің «Нева прос­пектісі» повесін, А.Че­­­ховтың әңгімелерін, М.Тұрсын-Заденің «Үндістан балладалары» өлең кітабын, Л.Толстойдың «Анна Каренина» романын қазақ тіліне аударды. Алдағы уақытта Алматы об­лы­­­сының әкімі Амандық Бата­лов­­тың қолдауымен Ғ.Орманов аударған Л.Толстойдың «Анна Каренина» романының 2 том­дығы жарық көреді.

Ә.Байбол

Серіктес жаңалықтары