«Абай» шахтасындағы апат салдарынан жансақтау бөліміне түскен екі шахтер палатаға ауыстырылды.
Қазір Шахтадағы жұмыстар апаттың мән-жайы толық анықталғанға дейін тоқтатылды. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның барлық сегіз шахтасында тексеру жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек қалалар мен аудандар әкімдеріне облыстың барлық өнеркәсіптік кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігін жаппай тексеру жүргізуді тапсырды. Бұл мәселеге барынша жауапты қарап, немқұрайлылыққа жол бермеу керегін қадап айтты.
Еске сала кетейік, кеше «Абай» шахтасында жарылыс болып, алты шахтёр қаза тапты, екеуі ауруханада жатыр. Жеңіс Маралбаевты жансақтау бөлімінен бөлімше палатасына ауыстырды, Элайдын Зейналовты да палатаға ауыстыруға дайындауда. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі.