Тәуелсіздікпен бірге ұлттық руханият та дүр сілкінді

Сәуле Мағазбекқызы Досжан – әдебиетші бола тұра саясатпен айналысқан қаламгер. Халық­аралық және республикалық әдеби байқаулардың жүлдегері. Кейінгі жылдары өнімді еңбек етіп жүр. Көптеген прозалық шығармалары басылып шықты. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қаламгермен мемлекетіміздің тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері мен ұлттық әдебиетіміздің жай-күйі және өз шығармашылығы жайында әңгімелескен едік.

Тәуелсіздікпен бірге ұлттық руханият та дүр сілкінді
ашық дереккөзі
2807

− Сәуле Мағазбекқызы, сіздің он бес жылдай уақыт бойы Қазақстан Рес­публикасы Парламентінің Мә­жi­лi­с­і Аппаратында жауапты қызмет ат­қарғаныңызды білеміз, сондықтан сіз­ге алғашқы сұрақты саясат жөнінде қой­сақ деп отырмыз. Биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл то­лып отыр. Бұл – кез келген ел үшін бір бе­лесті артқа тастап, өткен уа­қытта қол жеткен табыстарды саралауға мүм­кіндік беретін мезгіл. Осы уақыт ара­лығында еліміз саяси тұрғыдан қа­лай дамыды, қандай қиындық­тар­дан өтіп, қандай кедергілерді жеңді деп ойлайсыз?

− Біз жетпіс жылдан астам «Қазақстан Рес­публикасы» деп аталғанымызбен «Кеңес­тік Социалистік Республикалар Ода­ғы» де­ген он бес республикадан құралған әлем­дік державаның құрамында болдық. Ота­нымызға қатысты мәселенің бәрін сонау Мәс­кеудегі Кремльде коммунистік жүйе ше­шіп отырды. Ресей қандай шешім шы­ғарса, біздің ел соны орындайтын. Негізінде іш­кі-сыртқы өз саясатын өзі жүргізген мем­лекет қана Тәуелсіз мемлекет болып са­налады. «Тәуелсіздік» деген сөздің ерек­шелігі осында. Талай зұлматтар мен нәубеттерді өт­­­­кізіп, қуғын-сүргін көріп, ІІ дүние­жү­зілік соғыста Кеңес Одағындағы ең көп қырылған ұлттың бірі қазақ болды. Ата-бабаларымыз егемен ел болуды аң­сап, тәуелсіздік жолында жанын пида етті. Ал Қазақстан өз Тәуелсіздігін 1991 жылдың 16 желтоқсанында алды. Ең алдымен әлем­де біздің тәуелсіздігімізбен құттықтаған ел Түркия мемлекеті болды. Дүниеге тарыдай шашылған бауырластарымыз жүректері жа­рыла қуанып, елге қарай ағылды. Осы күн­нен бастап өз тағдырымызды өзіміз ше­шіп, болашаққа қадам бастық. Содан бері аттай отыз жыл өтті. Тарихтың уақы­ты­мен салыстырғанда үш онжылдық көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Ал шартты түрде ел ішіндегі жағдайымызбен салыс­тыр­ғанда біз не көрмедік?! Жас мемлекеттің ал­дынан әр қадам сайын қиындықтар шы­ғып отырды. Әр онжылдығымыз ғасыр жү­гін арқалап өтіп жатты.Тәуелсіздіктің алғашқы онжыл­ды­ғын­дағы ең маңызды шаруа − еге­мен Қазақстанның іргетасы қаланды! Ата Заң қабылданып, билік жүйесі қалыптасты. Тәуел­сіз мемлекетті қорғайтын қуатты күш құрылымдары болуы керек еді, сон­дық­тан алдымен Қарулы Күштер құрылды. Мемлекет болудың басты нышандары – Елтаңба таңдалып, қасиетті көк байрақ көгімізде желбіреді, ұлттық валютамыз − теңге айналымға енді. Содан соң Қазақстан өзінің саясатын жүргізе бастап, шетелдер­мен дипломатиялық қарым-қатынас орна­туға кірісті. Еліміз беделді халықаралық ұйым­дарға мүше бола бастады. Әлемде «тоғызыншы террритория» ата­нып кеткен ұлан-байтақ қазақ же­рінің тыныштығы мен біртұтастығын қор­ғайтын айбынды қазақ армиясы құ­рыл­­ды. Тәуелсіздіктің сәл алдында ғана Қа­зақстан Республикасының жаңа бол­­ған Президенті Н.Назарбаев Семей яд­ро­лық аумағындағы сұмдық жары­лыс­тар­ды тоқтатуға қол қойған болатын соның жал­ғасы ретінде Ел аумағын ядролық қару­дан тазарту басталды. Міне, бүгінде сол Жарлықтың арқа­сын­да Қазақстан бүкіл дүние­жү­зіне ядролық қару-жараққа қарсы әлемдік қозғалыстың көшбасшысы болып табылып отыр. Одан кейінгі жылдардағы ең басты мәселе Қазақстан Республикасы ау­ма­ғының – құрлығының, суларының, жер қойнауының, әуе кеңістігінің шектерін анықтау болды. Ата-бабамыздан мұраға қал­ған басты байлығымыз – ұлан-байтақ же­рімізге ие болу, шекарасын шегендеп алу үшін көп қиындық пен кедергі бол­ды. «Қазақстан Республикасының Мем­ле­кеттік шекарасы туралы» заң жасалып, 1992 жылдан 2005 жылға дейін анықтау шара­лары жүргізілді. Міне, осы кезеңде ше­караға қатысты өте қиын екі мәселе қа­ралды. Біріншісі – Кеңес Одағы құра­мындағы Қазақ КСР-інің қолда бар аума­ғын жаңадан, халықаралық дәрежеде алда ешкім талас туғызбайтындай делими­та­ция­лау болды. Екіншісі – шекара бөлісуде көр­ші жатқан бес мемлекетпен мәселелерді бейбіт жағдайда шешу болды. Қай ел болса да, сынық-сүйем жерін бергісі келмейді. Біз болсақ бабаларымыз қанын төге қорғап, жастанып өлген жерінен айырылғымыз жоқ. Әсіресе, азаттықтың ақ таңы атысы­мен қолға алынған Қытаймен шекаралық мәселені реттеу оңай болмады. Бір елмен бес халықаралық келісімшарт жасалды. Дәл осы шекара мәселесінде сол кездегі Пре­­зидентіміз, Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаев­тың еңбегін айрықша атап өткім ке­леді. Ал тәуелсіздік алғаннан кейін он ай­дай уақыт ішінде Дүниежүзі қазақтарының ал­ғашқы құрылтайын өткізіп, төрткүл әлем­ге тарыдай шашылып кеткен қазақ­тарды атамекенге шақырып, бір кезде өз жерінде азшылыққа айналып қалған қазақ халқының санын көбейту аса маңызды және өте ауқымды саяси шара болды. Бұл әлем қазақтарының Отаны бар екенін, жер бетіндегі қазақты қорғайтын мемлекеті бар екенін танытты. Елді елең еткізіп, әлемді жалт қарат­қан мәселе жап-жас мемлекеттің ас­та­насын ауыстыруы болды! Әлемде қан­шама мемлекет астанасын ауыстыру мәсе­лесі­мен ондаған жылдар бойы айналасып келеді. Бұл, тіпті, біздің халықтың түсіне кірмейтін шешім еді. Қазақстанның астанасын Алма­ты­дан Ақмолаға ауыстыру туралы ше­шім­ді ҚР Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шіл­деде қа­былдады. Сөйтіп, елорда Арқа төсіне көш­ті. Әрине, бұл шешімге қарсы бол­ған де­путаттар мен зиялы қауым бар­шылық еді. Басым дауыспен шешім сол күні қабыл­данған. Ал ресми көшіру 1997 жылғы 10 жел­тоқсанда жүзеге асырылды. «Жер жән­наты Жетісудан астананы көшіру мүмкін емес» деп жүргендер тарихи ше­шім­нің орын­далғанының куәсі болды. 1998 жыл­дың 6 мамырында Президент Жарлығымен Ақмоланың аты Астана деп өзгертілді. Екінші онжылдықта әлеуметтік мә­селелерге басымдық беріліп, рухани құндылықтарымызды түгендеуге кірістік. «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырып, тарихымызды түгендедік. Сондай-ақ дүниежүзінің түкпір-түкпірінде ата-ба­басының туған жерінің топырағын аңсап жүрген қандастарымыздың «Ұлы көшіне» жол ашып, оралғандарының әлеуметтік жағ­дайын жасап, ұлттық рухымызды кө­тердік. Экономикалық қуатымыз өсіп, ха­лықтың әл-ауқатының көтерілге­ні­нің бір белгісі – тұрғын үй құрылысы қар­­қын­мен дамыды. Астанадан басталған құры­лыс облыс орталықтары мен аудан­дар­да, ауыл-ауылда жалғасып жас шаңы­рақ­тар қанат жайды. Міне, мен өзім көзіммен көріп, отыз жыл­да ортасында араласқан қиын­­­­дықтар мен жетістіктеріміз осылар. Мұның бәрі Қазақстанның бүгінгі дәрежеге же­туіне орасан зор әсерін тигізді деп ой­лай­мын! − Мамандығыңыз журналист болса да, саяси салада еңбек еттіңіз. Соны­мен қатар белгілі прозашы – қалам­гер­сіз. Қаламгер ретінде айтыңызшы, тәуел­сіздік қазақ әдебиетіне не берді, қа­лай әсер етті? Бүгінгі әдебиетте азат ел­дің еркін ойлы қаламгерлерінің мүм­кіндігі толық көрініп жатыр ма? – Академик Серік Қирабаев «Тәуелсіз-дік – біздің ұлттық идеологиямыздың не­гізі болуы керек» деп мәдени, тарихи, саяси құн­дылықтарымыздың бәрі ұлттық тәуел­сіздігімізге қызмет етуі тиіс деген тұжырым жасаған. Сол айтқандай, тәуелсіздікпен бірге ұлт­тық руханият та сілкінді. Еліміз­дің экономикалық жағдайы халыққа үл­кен ауыртпашылық әкелгеніне қарамай, әде­биетке адалдық танытқан қаламгерлер сер­пілді. Осы «өліара» кезеңде нарықтың қыс­пағына қысыла жүріп, «тарихын таңба етіп тасқа қашаған ұлттың рухы мықты ұрпақ­тары ұлттық, түркілік ғылыми ізде­ніс­терді көбейтіп, тарихты қопара жазып, оқырмандарының отаншылдық сезімдерін оятты деп айтар едім. Тәуелсіздіктен бергі жерде ақтаң­дақ­тар тақырыбы зерттеліп, кезін­де оқуға тыйым салынған шығармалар қайта басылып шықты. Ұлт үшін еңбегі сіңсе де, «халық жауы» атанып кеткен, қудаланған қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылар, ғалымдар ақталды. Кеңестік цензура қида­лап тастаған «Абай жолы» мен Берді­бек Соқ­­пақбаевтың «Өлгендер қайтып кел­мей­дісінің» себептерін білдік. Тарихи шы­ғар­малар көптеп жазыла бастады. Ақтаңдақтар шығарма мазмұнына айналды. Тәуелсіз­дік­тің желі болып өткен 1986 жылғы Жел­тоқ­сан көтерілісі туралы еркін ойлар айтылып жат­ты. Егер Тәуелсіздік болмаса қазақ әде­биетінде осы мәселелер көтерілер ме еді? Әлемдік танымал туындылармен тере­зесі тең шығармалар дүниеге келер ме еді? Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясы − кеңес империясының бұ­ғауынан құтылып, еліміз өз еркіндігін алып, өз тағдырын шешетін жылдарда жа­рық көрген қазақ поэзиясы бола білді. Бір сөзбен айтқанда, тәуелсіздік қа­зақ әдебиетіне еркіндік берді. Сон­дықтан біздің әдебиетте қазір баяғыдай цен­зура жоқ. Басқасы қаламгерлердің та­лан­ты мен еңбекқорлығына байланысты. − Әдебиеттің поэзия, про­за са­ла­сында қалам тербеп келесіз, де­генмен кейінгі жылдарда көлемді про­залық шы­ғар­маларыңыз жиі жа­­рия­ланып жүр. Оның ішінде кейінгі екі-үш жыл­да жарық көріп, оқыр­ман­дарыңыздың ықыласына бөлен­ген «Қасірет пен тағ­дыр», «Үзілмеген үміт», «Жал­ғыздың жа­расы» секілді роман­да­рыңыз­ды ерек­шелеп атауға болады. Бұл ро­­ман­дар­ды жазуға не себепші бол­ды, осы шы­­ғармаларыңыз арқылы қа­зақ оқырмандарына нені наси­хат­тап, неге назар аударуын қаладыңыз? − 1949 жылдың 29 тамызы күні Семей ядро­лық сынақ полигонында алғашқы 22 тонналық атом бомбасы жарылған. 1989 жылға дейін 40 жыл ішінде 470 ядролық жарылыс жасалған. Оның 354-і жерасты, 28-і жерүсті, қалған 90-ы әуеде жарылған. Осылайша, Семейде 40 жыл бойы сыналған ядролық жарылыстардың жиынтық қуаты Хиросимаға тасталған бомбаның қуаты­нан 2,5 мың есе асып түсіпті. Уақыт таспаға түсірген тарихты ға­лам­дық өлшеммен «жетпіс жыл бұрын болған» деп айтуға ғана оңай. Сол жылдардың қатпариінінде ғаріп күй кешіп, өмірінің дал-дұлы шыққан, көзінен жас орнына қан сорғалаған, аузынан қар­ғыс ақтарылған жетпіс мың тағдыр бар. Жар­тысы кебінге оралып, жер қойнына кет­ті, топыраққа айналды. Қалған жар­ты­сы көңін сүйретіп, кебенегін іліп, тұ­қы­мының тұздай құрып кетпеуінің қамын жасамасқа амалы қалмаған. Бұл зобалаң кәріні де, жасты да аяған ба? Жан сауға­лат­пасына қойған ба?! Міне, бұл қасірет емей не­мене?! Әлемде адамдар мен жан-жануар­лар өмір сүріп жатқан жер­ге атом жарған – жалғыз Қазақстанда бол­ған «Семей сынақ алаңы». Оны жаса­ған – социалистік жүйе. Кеңестік физик ғалым, академик Андрей Сахаровтың жобасымен жа­салған алғашқы термоядролық бомба 1953 жылы 12 тамызда Семей полигонында сы­налды. Міне, осы еңбегі үшін оған Ста­лин­­дік Мемлекеттік сыйлық пен Социа­лис­тік Еңбек Ері атағы қосып берілді. Дегенмен ғалым өзі жасаған бом­ба­сының адамзат тарихындағы ең жойқын қару екенін, үлкен қауіп тудыра­тынын басқаларға қарағанда ерте түсінеді. Кейіннен өздерінің бұл істерінің қылмыс екенін мойындап ағынан жарылады. А.Сахаров. «Ядролық сынақтан 6 миллион адам опат болады. Сұмдық қылмыс жаса­лып жатыр», – деп жазған өз естеліктерінде. Романға материалдар жинау барысында осындай сұмдықтарды оқыған сайын жүрегім ауырып, есеңгіреп қалатынмын. «Қасірет пен Тағдыр» деген кітабымды жазу барысындағы іздеп тапқандарымнан және Семей өңірін аралап, ел ішіндегі өмір­ді көріп, оқыған кітаптарымнан, ғалам­тор­дан, бұқаралық ақпарат құралдарынан көр­гендерімнен қорыта келе, «Полигон жай­лы алғаш дабыл қаққандар шынды­ғында кімдер екен?» деген ойға қалдым. Семей полигоны зардаптарын 1957 жыл­дан бастап алғаш зерттеп, да­был қағуға кіріскен көрнекті ғалым, ме­дицина ғылымдарының докторы, про­фес­сор, Қазақстан ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Өлкелік патоло­гия ғылыми-зерттеу институтының дирек­торы болған Бахия Атшабаров екен. Ол кісіге тапсырма берген – Қазақстан Ғылым ака­демиясының президенті Қаныш Сәт­баев. Ал Қаныш Сәтбаевқа заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов өзінің 60 жылдық мерейтойында туған жеріне барған сапарында халқының жағдайын көріп, Дегелеңдей «тауы өліп», топыра­ғының тозы шығып, суы уға, ауасы радиа-цияға айналғанын көріп, қасірет шегіп ора­лады. Кейін Қаныш ағаға жағдайды ай­тып, зерттеу жасауын өтінеді. Содан Қа­ныш Имантайұлының кеңесімен Бақия Атшабаров арнаулы ғылыми экспедиция құрып, полигонның кеселдерін жан-жақты анықтап, республика басшылығына жаз­баша мәлімдеген, бірақ біздің басшылар Кремль­дің қабағын бағып, ол игі істі ес­керусіз қалдырып, атақты академик Сайым Бал­мұхановтың зерттеулеріне де тыйым салыпты. Мен кітабымда мұны таратып жаздым, осы зерттеулерден кейін ғана атомды жер бетінде сынауды тоқтатқан. Полигон жайлы алғашқы дабыл қақ­қандардың тағы бірі Мұ-хамедғали Әленұлы Сужиков болған. Мұхамедғали Әленұлы Семей облысына бірінші хатшы болып барғаннан тыным таппай, ядролық жарылыстардан зәрезап болған шерменде халықтың мүддесін қорғап, сынақ жасап жатқан әскери зонаның бастықтарымен, әскери кешеннің жетекшілерімен жиі сөзге келіп қалып жүрген. Ал 1989 жылдың ақпан айының 20 жұл­­­дызында Семей облыстық партия ко­митетінің бірінші хатшысы Кешірім Боз­таевтың сол кездегі Министрлер Кеңесінің төра­ғасы Нұрсұлтан Назарбаевпен ақыл­даса отырып, М.Горбачевке Семей поли­го­нының зардабы жайында жіберген жедел­хаты тарихта полигонды жабуға жол аш­қан күрестің басы болған. Бозтаев басын бәй­геге тікті. Бірінші болып мәселе көтерді. Ол – батыр адам! Мәскеуге хат жазды. Ядролық қаруды толықтай жабуға Қа­зақ КСР Президенті Н.Назарбаев­тың 1991 жылы 29 тамызда қол қойған «Семей ядролық полигонының жабылуы тура­лы» Жарлығы негіз болды. Міне, осының бәрін біліп тұрып егер жазу­шы екенім шындық болса не­ге жазбасқа? Осылай «Қасірет пен Тағ­дыр» және оның жалғасы «Үзілмеген үміт» ди­логияларым өмірге келген. − Журналистика, әдебиет сала­сын­да көп­теген жүлденің иесісіз. Тіпті, әде­­биет саласындағы беделді сый­лық­тардың бірі «Букер − 2019» конкурсына қа­тыс­тыңыз. Сізден сұрайын дегенім, әдебиеттің дамуына түрлі жүлделер мен сыйлық­тар­дың тигізер пайдасы қан­дай және қазіргі қазақ қалам­гер­лерін­де сыйлыққұмарлық әдет бар деп жатады, бұған көзқарасыңыз қа­лай? − Сол қаламгерлерді «сыйлық­құ­мар, атақ­құмар» деп жатқандардың өз­дерінің ең­бегін лайық деп бағалап жат­са, олар да сый­лықтан бас тартпас еді. Түлкінің қолы жет­пеген жүзімді «піс­пеген» дегені сияқты ғой. Неге ең­бегі бағаланғандарды, шы­ғар­машы­лық бәйгесінен алда көрінгендерді сынаймыз? Құдайға шүкір, менің еңбегім оқыр­мандарымнан да, мемлекет тара­пынан да өз бағасын алып келеді. Осы атақ пен марапаттардың ешқайсысының соңы­на адам салып алған жоқпын. Шы­ғар­ма­шылық бәйгелері өтіп жатса жазғанымды жіберемін. Мен де талай әділетсіздік көр­гемін. Кейінгі жылдары бәйгеге қатыс­пай­мын. Жастар алсын, еңбектері баға­­ланып, қанаттансын деймін. Қайта өзім қазақ әдебиетінің меценаты болып кі­тап­тарын шығаруға, бәйге өткізулеріне көмек жасап жүрмін. Жүлде алу қаламгердің шығар­ма­шылығын қайрап, жолын ашады. Сол арқылы жастар танылады. Оқырман­дары­на жазғандары жетеді. Өздеріне ма­териалдық көмек болады. − Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Ахмет ӨМІРЗАҚ

Серіктес жаңалықтары