Көпбалалы отбасылар баспаналы болды

Көпбалалы отбасылар баспаналы болды

Көпбалалы отбасылар баспаналы болды
ашық дереккөзі
411

«Халыққа көмек» жобасы аясында Ақтөбе, Қостанай және Түркістан облыстарында көп балалы отбасылар баспаналы болды.

Ақтөбе, Қостанай және Түркістан облыстарының «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдауларына жалғызбасты, әрі көпбалалы аналардан тұрғын үй мәселесі жөнінде өтініш түскен. Тұрғындар баспанасы жоқ екенін және қазір жалдап тұрып жатқан үйінің тұруға жарамсыз екенін айтып, көмек көрсетуді сұраған. Осы өтініштерге сәйкес аудандық партия филиалының төрағалары қазіргі тұрып жатқан жалдамалы баспаналарын өз көздерімен көріп қайтты. Сонымен қатар, аталған өтініштерге сәйкес, аудандық жеке кәсіпкерлермен бірлесіп, көмек көрсету қажеттігі ескеріліп, мәселе бақылауға алынды. Қазіргі жалғызбасты аналарға жеке кәсіпкерлер демеушілігімен үй алып және қазіргі заман талабына сай толық жабдықталған үй берілді.

Серіктес жаңалықтары