Баспана қарапайым халық үшін қолжетімсіз болып қала бермек

Баспана қарапайым халық үшін қолжетімсіз болып қала бермек

Баспана қарапайым халық үшін қолжетімсіз болып қала бермек
ашық дереккөзі
50634
Сарапшылар зейнетақы қорындағы шектік соманың өзгерісінен кейін халықтың енді баспана сатып алуға шамасы жетпейтініне болжам жасады, деп хабарлады Turkystan.kz. Өйткені, есепшотыңда қалуы тиіс қаржы көлемі екі есе көбейгендіктен, оны тұрғын үй сатып алуға пайдаланғысы келетіндердің саны күрт азаяды. Сол себепті мамандар келеңсіздікті реттеу үшін мемлекет тез арада шара қолдану қажет деп есептейді.
- Егер мемлекет баспана алуға талпынғандардың талабын қанағаттандыру мақсатында құрылыс нарығын немесе жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелерді ынталандыру үшін дер кезінде шара қолданбаса, баға инфляцияның жетегінде кете береді. Сондықтан баға бірден төмен түседі деп болжауға болмайды. Өйткені экономикадағы келеңсіздіктер ешқашан тұрғын үй нарығын айналып өтпейді, -  дейді Қазақстан риелторлары бірлескен қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко.
Сарапшылардың айтуынша, биыл зейнетақы қорындағы қаржының бір бөлігін баспана сатып алу үшін қолдануға рұқсат етілгенде, тұрғын үй нарығында дүрбелең басталды. Соған сәйкес баспана құны да шарықтап, бағасы 16 пайызға көтерілді. Сондай-ақ пәтер сатып алуға қатысты келісімдер тізбегі де бұрынғымен салыстырғанда 89 пайызға өскен. «Бағаны тұрақты қалыпта ұстап тұру басты қағидаға айналуы тиіс» деген мамандар, баспана құны түспейтінін айтады.

Серіктес жаңалықтары