Елорда іргесінде отшашу тиеген көлік өртенді (ВИДЕО)

Елорда іргесінде отшашу тиеген көлік өртенді (ВИДЕО)

Елорда іргесінде отшашу тиеген көлік өртенді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50288
4 желтоқсан күні кешкі уақытта пиротехникалық бұйымдар тиелген көлік өртеніп, Нұр-Сұлтан - Щучье тас жолында қозғалыс уақытша тоқтатылды, деп хабарлады Turkystan.kz. Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға  Бурабай ауданында Нұр-Сұлтан – Щучье тас жолының 212-ші шақырымында болған.
«Жолдың 30 шаршы метр аумағында пиротехникалық бұйымдар тиелген DAF жүк көлігінің жартылай тіркемесінде өрт болды, салдарынан көліктің тіркемесі толығымен жанып кетті. Өрт 22.05-те шыққан. Жолдағы қозғалыс сағат 22.40-та қалпына келтірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайлар қызметінен 19 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды», - деді департамент өкілдері.

Серіктес жаңалықтары