Астаналық азамат субұрқаққа 2-қабаттан секірді

Астаналық азамат субұрқаққа 2-қабаттан секірді

Астаналық азамат субұрқаққа 2-қабаттан секірді
ашық дереккөзі
50212
Mega SilkWay сауда, ойын-сауық орталығында 2-қабаттан субұрқаққа секірген жас жігіт ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлады Turkystan.kz «Полицияның «102» арнасына «Mega SilkWay» сауда, ойын-сауық орталығының субұрқағына екінші қабаттан жас жігіттің секіргені туралы хабарлама түсті. Елорданың 19 жастағы тұрғыны достарымен бәстесіп, 1 қабатта орналасқан субұрқаққа секірген. Қауіпті әрекетке орталық келушілері куә болған. Жас жігітті сауда, ойын-сауық орталығының күзетшілері ұстап, полиция қызметкеріне тапсырды. Қоғамдық тәртіпті бұзушы Есіл аудандық полиция бөліміне жеткізілді», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің ақпаратында. Құқық бұзушының үстінен әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы ("ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік іс қозғалды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ол қамауға алынды. Ұсталған жігіт бұған дейін Алматы метросында музыка дауысын қатты қойып, кішігірім бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған.

Серіктес жаңалықтары