Карина Тәкиева - Азия чемпионы!

Карина Тәкиева - Азия чемпионы!

Карина Тәкиева - Азия чемпионы!
ашық дереккөзі
50360
Қазақстандық дзюдошы Карина Тәкиева Ливан астанасы Бейрутта Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлады Turkystan.kz. БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша, Карина аса ауыр салмақта (+78 кг) өнер көрсетті. Карина Русланқызы 2003 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Дзюдо әліппесін жекпе-жек спорты түрлерінен олимпиада резерві мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде жаттықтырушы  Азамат Қапсатовтан үйренген. 2021 жылы ҚР V жастар спорт ойындары мен 23 жасқа дейінгілер арасында ел біріншілігінде күміс жүлдемен марапатталса, ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында үздік үштікке іліккен. Қазіргі кезде Алматыдағы республикалық спорт колледжінің 2 курс студенті. Бапкері – Жайдар Сайлаубаев. Сондай-ақ Қазақстан Дзюдо федерациясының мәліметінше, жарыстың соңғы күні қазақстандық Максим Мейірлан 81 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды. Азия чемпионаты Жалпы Қазақстан жастарынан ұлдар құрамасы (аға жаттықтырушылары - Азамат Мұқанов пен Айбек Имашев) Азия чемпионатын 2 алтын, 1 қола, ал қыздар (аға бапкерлер - Хатип Арсен, Нұрбек Мықтыбеков) 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медальмен аяқтады.

Серіктес жаңалықтары