Мұхтар Ниязов жаңа қызметке тағайындалды

Мұхтар Ниязов жаңа қызметке тағайындалды

Мұхтар Ниязов жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі
50336

Белгілі айтыскер Мұхтар Ниязов «Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығына» басшы болып тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мұхтар Мәуленұлы 1985 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

2007 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін тәмамдаған. 2018 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің педагогика ғылымдарының магистрі. Айтыс ақтаңгері, екі мәрте «Алтын домбыра» иегері, Қызылорда қаласының құрметті азаматы. 2009 жылдан бастап «Ақ сөйле» қоғамдық бірлестігінің төрағасы; 2014-2016 жылдары А.Тоқмағанбетов мәдениет үйінің үйірме жетекшісі; 2016-2019 жылдары «Асыл арна» телеарнасында «Сүбелі сөз» бағдарламасының жүргізуші редакторы, Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығында жауапты қызметтерін абыроймен атқарып келді.

2020 жылы Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы міндетін атқарған.

Серіктес жаңалықтары