Елордалық жасөспірімдер күзетшіні соққыға жықты (ВИДЕО)

Елордалық жасөспірімдер күзетшіні соққыға жықты (ВИДЕО)

Елордалық жасөспірімдер күзетшіні соққыға жықты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50275
Елордалық полицейлер театр күзетшісіне шабуыл жасаған кәмелетке толмағандарды ұстады, деп хабарлады Turkystan.kz. Мән-жайын анықтау барысында Қонаев көшесінде, сағат 18.30 шамасында 14-16 жастағы жасөспірімдер театр жанындағы алаңға скейтборд тебуге келіп, трюк жасағандары анықталды. Сол уақытта оларға 40 жастағы күзетші келіп, ескерту жасаған. Жасөспірімдер оны елеместен, бірден балағат сөздер айтып, дөрекі жауап қайтарған. Осыдан кейін ер адам олардың заттары мен сөмкелерін алып, полиция шақырғысы келген. Осы кезде жасөспірімдер оған жабылып, соққыға жығып, жан-жақтан ұра бастаған. Есіл ауданының полиция қызметкерлері оқиғаға қатысушыларды полицияға жеткізді. Қазіргі уақытта осы іске «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмағандар полицияда профилактикалық есепке алынды. Ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Серіктес жаңалықтары