7252
Цой омикрон штаммына байланысты жаңа шектеулер туралы айтты
Цой омикрон штаммына байланысты жаңа шектеулер туралы айтты
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой омикрон штаммына байланысты елімізде қандай шектеулер болуы мүмкін екенін және вирус туралы әзірге не белгілі екенін айтты, деп хабарлады Turkystan.kz.
«Қазір ең бастысы - мониторинг мәселесі. Себебі әзірге бұл штамм туралы ештеңе білмейміз. Қазір әлемде күн сайын түрлі штамм пайда болып жатыр. Мысалы, "лямбда" және Eta-штаммдары. Әр штаммға ерекше назар аударылады. Оның әлемде, әсіресе алғаш рет анықталған елдерде қалай таралатынын түсіну маңызды», - деді министр журналистердің сұрағына жауап бере отырып.Цой Женевада өткен кездесуде ДДСҰ бас директоры арнайы жұмыс тобы бұл штаммды зерттеп жатқанын мәлімдегенін айтты.