«Алтын орда» базарында 2 мың теңгеге адам сатқан

«Алтын орда» базарында 2 мың теңгеге адам сатқан

«Алтын орда» базарында 2 мың теңгеге адам сатқан
ашық дереккөзі
50409
Әсия есімді бойжеткен «Астана» телеарнасы арқылы ағасының Алматыдағы «Алтын орда» базарында 2 мың теңгеге қалай сатылып кеткені жайлы айтып берді, деп хабарлады turkystan.kz. Әсияның 40 жастағы ағасы Тараздағы базарлардың бірінде етікші болып жұмыс істеген. Мардымды ақша таппаған соң, Алматыға жұмыс іздеп барған.
«Бір машина келіпті, киімдерін, документтерін алуға. Сосын ағам әпкемізге «мені жібермеші, мыналарды киімдерімді аламын деп алдап-сулап алып келдім» деп айтыпты. Сөйтсе, алып келгендер «біз бұны 2000 теңгеге сатып алғанбыз» деп жауап беріпті. Сонда «Алтын Орда» базарында глухо-немой адамдарды сатады екен. Алматыда бір фирмада ұрып, тепкілеп ұстап отырған», - дейді Әсел.
Ал құзырлы органдардың айтуынша, адам саудасына қарсы тұруда тұрғындардың да белсенділігі маңызды.
«Ешкімге жеке құжаттарыңызды бермеңіздер, жұмыс түрін анықтап алыңыздар. Басқа қалаға немесе елге шықпас бұрын құжаттарыңыздың көшірмесін қалдырып кетіңіздер. Және мекен-жайыңызды жақындарыңызға айтып қойыңыз», - дейді,  ІІМ криминальдық Полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.
Айта кетейік, адам саудасы бойынша халықаралық рейтингте Қазақстан екінші орында тұр. Биыл да ел ішінде 141 қылмыстық іс қозғалған.

Серіктес жаңалықтары