50284
Түркиядан баспана алып жатқан қазақстандықтар көбейді
Түркиядан баспана алып жатқан қазақстандықтар көбейді
Түркиядан баспана алып жатқан қазақстандықтардың саны төрт есе өсті, деп хабарлады Turkystan.kz.
«Астана» телеарнасында берілген сюжетте 9 айдың ішінде 25 мың қазақстандық басқа мемлекетке қоныс аударғаны айтылды. Басым бөлігі Түркияны таңдаған.
Ресми мәліметтер бойынша, 2017 жылы қазақстандықтар Түркиядан 334 пәтер сатып алған болса, биылғы 9 айдың ішінде бұл көрсеткіш 1339-ға жеткен. Түркияға көшкендердің көбі Алания, Анталия аймақтарын таңдаған.
«Құрылыс салушы компания үйдің сызбасын сызып жатқанда алсаңыз, әлдеқайда арзанырақ аласыз. Егер қаласаңыз, құрылыс аяқтала салысымен сатып жіберіп, пәтердің үстінен 20-30 пайыз пайда көре аласыз. Ал шаршы метрі 50-70 болатын дайын пәтерді 50 мың еуроға сатып алуға болады. Түркиядағы нарықта сіз үйді жиһаздарымен ала аласыз. Тек тіс щеткасы мен чемоданыңызбен келсеңіз болды», - деді Түркиядағы жылжымайтын мүлік сату агенті Мейірбек Тұрмағамбетов.Мейірбек Тұрмағамбетовтің мәліметінше, наурыз айынан бері Түркиядан екі мыңға жуық қазақстандық баспана сатып алған. Баспана алушылар ол жақтағы үй бағасының арзандығын алға тартады.