Қазақстан 25 елдің вакцинация паспортын мойындайтын болды

Қазақстан 25 елдің вакцинация паспортын мойындайтын болды

Қазақстан 25 елдің вакцинация паспортын мойындайтын болды
ашық дереккөзі
50222
Қазақстанда вакцинация паспорты жарамды болатын елдердің тізімі біршама кеңейтілді, деп хабарлады turkystan.kz. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 қазандағы қаулысына өзгерістер енгізіледі. Қаулыға сәйкес елімізде тағы бірнеше мемлекеттің вакцинация паспорты мойындалады.
«Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құжаттардың үлгілеріне сәйкес Аргентина Республикасында, Мажарстанда, Грузияда, Иран Ислам Республикасында, Иорданияда, Канадада, Қырғыз Республикасында, Мальдив Республикасында, Моңғолияда, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Молдова Республикасында, Перу Республикасында, Сан-Марино Республикасында, Сербия Республикасында, Тунис Республикасында, Үндістан Республикасында, Филиппин Республикасында, Таиландта, Түркия Республикасында, Черногория Республикасында, Чех Республикасында, Эстония Республикасында және Японияда берілген азаматтардың КВИ-ге қарсы вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын», - делінген қаулы мәтінде.

Серіктес жаңалықтары