Шахматтан әлем чемпионаты өтпейтін болды

Шахматтан әлем чемпионаты өтпейтін болды

Шахматтан әлем чемпионаты өтпейтін болды
ашық дереккөзі
50244
Елордада рапид пен блиц бойынша жоспарланған 2021 жылғы әлем біріншілігі өтпейтін болды, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы халықаралық Шахмат федерациясы (FIDE) Twitter-де мәлімдеді. Жүлде қоры 1 млн долларды құрайтын жарыс 25-30 желтоқсан аралығында Қазақстан астанасында өтуі тиіс болатын. Оған 50 елден 200-ден аса спортшы қатысады деп жоспарланған. Оның ішінде рейтингтің алдыңғы қатарында тұрған бұрынғы және қазіргі әлем чемпиондары бар. Жарысты тоқтату себебі – коронавирусқа қатысты шектеулер. FIDE бұл турнирді өткізу үшін балама нұсқалар ұсынатынын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары