50286
Ақмола облысы: пәтерден 57 жастағы тұрғынның мәйіті табылды
Ақмола облысы: пәтерден 57 жастағы тұрғынның мәйіті табылды
Степногорск қаласындағы көпқабатты тұрғын үй пәтерлерінің бірінен дене жарақаттары және шаншу-кесу белгілері бар ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға орнына дереу келген жедел-тергеу тобы марқұмның жеке басын анықтады. Ол 57 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Қылмыстың куәгерлерін анықтау мақсатында полиция қызметкерлері көрші үйлерді аралап, қылмыс жасалған ауданда орналасқан бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеді.
Бейнекамераларға кісі өлтірген күні қайтыс болған адам тұратын үйдің кіреберісінен киімінде және қолында қан іздері бар адам шыққаны жазылып қалған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады.
Ол бұрын ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған Қарағанды облысының 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Ер адам кінәсін мойындады. Оның айтуынша, ішімдік ішу кезінде араларында жанжал туындап, кісі өлімімен аяқталған.