Атырау облысы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды

Атырау облысы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды

Атырау облысы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды
ашық дереккөзі
50578
10 желтоқсанда Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев 5 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz «Ақжайық» басылымына сілтеме жасап.  Оларды Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бір топ қызметкерлері тұтқындаған. Бақытгүл Хаменеваға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-тармағына сәйкес («Аса ірі мөлшерде пара алу») қылмыстық іс қозғалды. Қазір қызметкерлер әкім орынбасарынан Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ғимаратында жауап алып жатыр. Есік Осы аралықта Telegram желісінде @Yedilov есімді қолданушы Б.Хаменованың кабинетінің мөрленген есігінің суретін жариялады.

Серіктес жаңалықтары