«Аltyn Samǵaý – 2021»: Жыл үздіктері анықталды

«Аltyn Samǵaý – 2021»: Жыл үздіктері анықталды

«Аltyn Samǵaý – 2021»: Жыл үздіктері анықталды
ашық дереккөзі
50355
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті жылдың спорттық оқиғаларын қорытындылап, «Аltyn Samǵaý – 2021» ұлттық жүлдесі табысталды, деп жазды turkystan.kz. «Үздік спортшы» және «Үздік спортшы қыз» аталымдарында қысқы және жазғы спорт түрлерінен төрт жеңімпаз таңдалып, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері әрі әлем чемпионы Сәкен Бибосынов, каратэден Олимпиаданың және әлем чемпионатының қола жүлдегері Софья Берульцева, сондай-ақ шорт-тректен Әлем кубогі кезеңдерінің жүлдегері Денис Никиша мен фристайл-могулдан әлем чемпионатының жүлдегері Юлия Галышева жүлде иегері атанып отыр.
«Мен «Аltyn Samǵaý – 2021» сайысында «Үздік спортшы» атанғаныма қуаныштымын. Алайда, біздің спортшыларды түгел жеңімпаз деп есептеймін. Соңғы екі жыл барлығымыз үшін қиын болғаны жасырын емес. Жарыстар кейінге шегеріліп, тіпті, мүлде өтпей қалды. Айлар бойы жаттығу жасаудың өзі мұң болды. Сондықтан, бүгін чемпиондар мен спортшылар бас қосқан жиынға қатысу - мен үшін үлкен абырой», – дейді Сәкен Бибосынов.
Мырзағали Айтжанов (бокстан ұлттық құраманың аға бапкері және Сәкен Бибосыновтың жеке жаттықтырушысы) пен Мәдіғали Қарсыбеков (шорт-тректен Қазақстан командасының бас бапкері) жазғы және қысқы спорт түрлері бойынша «Үздік жаттықтырушы» атағына лайық деп танылды. «Жылдың үздік командасы» атағын футзалдан Қазақстан құрамасы еншіледі. Биыл футзалшылар әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, төртінші орынға табан тіреген болатын. «Жыл жаңалығы» аталымында «Токио – 2020» Олимпиадасының қатысушысы әрі әлем чемпионатының қола жүлдегері Нұрқанат Әжіқанов топ жарды. Ол әлем чемпионатындағы командалық сында да қола медаль жеңіп алған болатын. Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша «Үздік спортшы» атағы пауэрлифтингтен Токиодағы паралимпиадалық ойындарының жеңімпазы Давид Дегтяровқа берілді. Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша «Үздік жаттықтырушы» атағына парадзюдодан ұлттық құрамның бас бапкері Жандос Қиянов лайық деп танылды. Оның үш шәкірті – Әнуар Сариев, Дәулет Теміржанов және Зарина Байбатина Жапониядағы жарыста үш күміс медаль жеңіп алған. Ұлттық олимпиадалық комитеттің арнайы дәстүрлі жүлдесі – «Қазақстан спортының мақтанышы» наградасы отандық спорттың дамуына өлшеусіз үлес қосып, болашақ чемпиондарға үлгі атанған спортшылар мен қайраткерлерге табысталады. Биыл бұл жүлде грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы, 1981 жылғы әлем чемпионы, КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері және Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақсылық Үшкемпіровке берілді. Жүлдені даңқты қазақ балуанының ұлы, бүгінде әкесінің атындағы спорттық кешенді басқарып отырған Жандос Үшкемпіров алды.

Серіктес жаңалықтары