50346
21 мешіт жабылды
21 мешіт жабылды
Францияда «экстремизмнің көрінісі» деген желеумен 21 мешіт жабылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Франция Ішкі істер министрлігінің басшысы Жеральд Дарманин жергілікті LCI телеарнасының эфирінде хабарлағандай, экстремистік әрекетке күдікті 99 мешіт тексерілген.
«Оның 21-і жабылды, тағы 6 мешітті жабу процесі жалғасуда. Бұл қадамдар «Сепаратизмге қарсы күрес туралы» заң аясында жасалды», - деді Франция Ішкі істер министрлігінің басшысы.Францияда тексеруден өткен тағы 36 мешіттің қызметі республика заңнамасына қайшы келмейтіндіктен ерекше өзгерістерге ұшыраған жоқ. Олардың кейбіреулері сырттан қаржыландыруды тоқтатты, мешіттердің бірі экстремизм үшін айыпталған имамды жұмыстан шығарған. Бұл ретте басқарма басшысы мешіттерді тексеру жұмыстары жалғасатынын қадап айтты. ІІМ басшысы Францияда экстремизммен байланысты діни ғимараттар аздығын және елде мұсылмандармен ешқандай проблема жоқ екенін жеткізген. Айта кетейік, президент Эммануэль Макронның 2020 жылғы 2 қазанда жариялаған «Сепаратизм туралы заңы» кейін «Республика қағидаттарын құрметтеуді күшейтетін заң» атауымен өзгертіліп, биылғы тамызда қабылданды.