Өзбек пен қырғыз спортшылары Мәскеуде төбелес шығарды (ВИДЕО)

Өзбек пен қырғыз спортшылары Мәскеуде төбелес шығарды (ВИДЕО)

Өзбек пен қырғыз спортшылары Мәскеуде төбелес шығарды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50373
Мәскеуде өтіп жатқан WEF іріктеу турнирі жаппай төбелеспен аяқталды, деп хабарлады turkystan.kz. Төбелес Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген спортшылар арасында болған. Кезекті кездесуінде жеңіске жеткеннен кейін өзбекстандық боксшы Намазан Самиев кім болса да күресуге дайын екенін мәлімдеген. Сол сәтте оған қарсылас та табыла кеткен. Олар көз түйістіріп тұрған сәтте Самиев күтпеген жерден қарсыластың басынан тепті. Жиналғандар Самиевтің бұл әрекетіне қатты ашуланғаны соншалық, 50-ге жуық адам торға кіріп, жаппай төбелес шығарған. Куәгерлердің айтуынша, оқиға татуласумен аяқталғанға ұқсайды.

Серіктес жаңалықтары