БҚО-да қорықшы қаза тапты

БҚО-да қорықшы қаза тапты

БҚО-да қорықшы қаза тапты
ашық дереккөзі
50357
Бүгін, 2021 жылдың 14 желтоқсанында Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына қарасты Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылық бөлімінің басшысы Серік Мәженовке абайсызда оқ тиіп, қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz. Серік Мәженов қаруды абайсыз қолдану салдарынан көз жұмған. Жауапты министрлік оқиға Ақжайық ауылынан 10-12 шақырым қашықтықта болғанын айтқан. Олар 1977 жылы туған БҚО өңірлік Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы қаза тапқанын растады. Экоблогер Сәкен Ділдахмет те Серік Мәженовті жақсы танитынын айтып, қазасы жайлы жазба жариялады. Оның айтуынша, марқұм браконьерлердің қолынан қаза тапқан болуы мүмкін. 
«Бүгін Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Серік Мәженов қайтыс болды. Өлімнің алдын ала себебі браконьерлердің оқ атуынан болды деп айтылған. Қазір оның мән-жайы анықталуда. Серікті өмірде танитын едім. Әділ әрі сондай жақсы адам болды. Осы салада он бес жылдан астам уақыт жұмыс істеген еді», — деп жазды Сәкен Ділдахмет.
 

Серіктес жаңалықтары