Қазақстан елшілігінің фуршеті қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Қазақстан елшілігінің фуршеті қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Қазақстан елшілігінің фуршеті қызу талқыға түсті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50333
Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігі Тәуелсіздік күнін тойлау кезінде ерекше фуршет ұйымдастырды. Әлеуметтік желіде таралған видео интернет қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz. Тәуелсіздік күніне орай елшілікте өткен ресми қабылдауда қонақтарға қазы-қарта мен бауырсақтан жасалған тау мен ағаш, сондай-ақ Қазақстан туы бейнеленген торт ұсынылған.
«Қырғызстанда Қазақстан елшілігі ұйымдастырған Қазақстанның Тәуелсіздік күні тойланып жатыр. Бұл - қазы-қартадан жасалған Алатау таулары. Міне, бауырсақтан жасалған ағаш. Міне, Нұрсұлтан шыңына 30 жыл. Қандай өнер. Жарайсыңдар!» - дейді видео сыртындағы дауыс.
Мұндай видео Қазнет қолданушыларына әртүрлі ой салған сияқты. Олардың араларында мұндай жұмысты сынап, ашуға мінгендер де бар.  Сондықтан болар, Қазақстан СІМ баспасөз қызметі видеоға қатысты пікір білдіріпті.
«Бұл - басқа қабылдаулар сияқты қарапайым басқосу. Тек бұл күні аспаз әр тағамға өз қиялын қосып, шығармашылықпен дайындаған», - деді Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.
Айта кетейік, анық болғандай, ерекше тағамдарды қырғыз аспазшысы Таштанбек уулу Ырыскелди әзірлеген екен.  

Серіктес жаңалықтары