50251
Петропавлдық ұры ұрлық жасап жатып ұйықтап қалған
Петропавлдық ұры ұрлық жасап жатып ұйықтап қалған
Петропавлда көлік тонап жүріп, қылмыс орнында ұйықтап қалған ер адам ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Көзі ілініп кеткен қала тұрғынын автокөлік иесі көріп оятқан. Ол ашық тұрған көлікке жылынуға отырдым деп қашып құтылмақ болады. Бірақ жүргізуші қымбат құралдары мен автомагнитоласының ұрланғанын байқап, полицияға хабар берген. Көше бақылау камералары көрсеткендей, күдікті ол заттарды таксиге салып жіберіп, өзі көлікке қайта оралып ұйықтап қалған. Сараптама қорытындысы бойынша оның мас екені белгілі болды.
- Жедел басқару орталығының инспекторлары қала жолдарында таксиді тауып алды. Мекен-жайға жеткенше оны патрульдік полицейлер тоқтатты. Ұрланған мүліктер тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Күдікті бұрын сотталған 39 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны. Оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бары анықталды, - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің инспекторы Нұрбек Баекин.