Білім министрі Құрмет Талапқазымен телефон арқылы сөйлесті

Білім министрі Құрмет Талапқазымен телефон арқылы сөйлесті

Білім министрі Құрмет Талапқазымен телефон арқылы сөйлесті
ашық дереккөзі
50272
Білім және ғылым министрінің жоғары оқу орындары ректорларымен өткізген жиналысында Құрмет Талапқазыға тегін оқу құқығын беру мүмкіндігі қарастырылды, деп хабарлады turkystan.kz. Бұған дейін Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің басшылығына қала тұрғыны Құрмет Талапқазыға тегін оқу құқығын беру мүмкіндігін қарастыру тапсырылған. Шешім бойынша, енді Құрмет Талапқазы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде тегін оқи алады.
«Министр Асхат Аймағамбетов Құрмет Талапқазымен телефон арқылы сөйлесіп, оған тілектес екенін жеткізді», - деді Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуәлиева журналистерге берген жауабында.
Айта кетейік, Құрмет Талапқазы - биылғы қуаңшылық жайлаған аймақтарда өз еркімен халыққа жем-шөп жеткізу жұмыстарын ұйымдастырған белсенді азамат. Қысылтаяң шақтағы Құрметтің бұл әрекеті қоғамда үлкен пікірталас тудырған еді.

Серіктес жаңалықтары