2 мыңнан астам телефонды Қазақстанға заңсыз кіргізбек болды

2 мыңнан астам телефонды Қазақстанға заңсыз кіргізбек болды

2 мыңнан астам телефонды Қазақстанға заңсыз кіргізбек болды
ашық дереккөзі
50658
Мемлекеттік Кірістер комитеті Қазақстанға Apple және Samsung фирмаларының смартфондары мен электрондық құрылғыларының ірі партиясын заңсыз кіргізбек болғандарды анықтады, деп хабарлады turkystan.kz. Жүктерді жасырын тасымалдау үшін жабдықталған құпия орыннан Iphone смартфондарының 2 134 бірлігі, Ipad планшеттерінің 124 бірлігі, Apple iWatch смарт-сағатының 451 бірлігі және тауарға ілеспе құжаттары жоқ танымал брендтердің басқа да электрондық құрылғылары табылды.
«Жүктің жалпы құны шамамен 1 млрд теңгеден асады», - деп жазылған мемлекеттік Кірістер комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Аталған факт тіркеліп, процессуалдық шешім қабылдау үшін Экономикалық тергеу департаментіне берілді.  

Серіктес жаңалықтары