Жапонияда емхана өртенді

Жапонияда емхана өртенді

Жапонияда емхана өртенді
ашық дереккөзі
50230
Жапонияның батысындағы Осака қаласындағы емханада болған өрттен қаза тапқандар саны 19-ға жетті. Бұған дейін бес адам құрбан болғаны хабарланған, деп жазады turkystan.kz. Өрт алты қабатты үйдің төртінші қабатында орналасқан терапевтік емханада болған. Киташинчи ауданындағы өрт туралы хабар аймақ әкімшілігіне жергілікті уақыт бойынша сағат 10:20-да түскен. Оқиға орнына 70 өрт сөндіру бригадасы мен жедел жәрдем көлігі жіберілді. Өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 10:45-те сөндірілді. NHK қоғамдық телеарнасының хабарлауынша, 28 адам зардап шеккен. Өрт 60 жастағы ер адамның абайсыздығынан шыққан деген болжам бар.          

Серіктес жаңалықтары