Алтай Көлгіновтің орынбасары қызметінен кетті

Алтай Көлгіновтің орынбасары қызметінен кетті

Алтай Көлгіновтің орынбасары қызметінен кетті
ашық дереккөзі
50422
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова қызметінен босатылды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Елорда әкімінің орынбасары Малика Бектұрова басқа жұмысқа ауысуына байланысты 15 желтоқсаннан бастап қызметінен босатылды», - деп жазылған әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ол - экономика ғылымдарының кандидаты. 2001 жылы Кентукки университетін (АҚШ) «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірді. 2003 жылы «Индустриялық саясат және сауда (ТҚ)» мамандығы бойынша Корей даму институтын аяқтады. 2004 жылы Гарвард университетін «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірген. Оның екі магистр дәрежесі бар. Еңбек жолын 2002 жылы Қаржы министрлігінде жетекші маман болып бастады. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маман, Индустрия және сауда министрлігінде бас маман, Көлік және коммуникация министрлігінде бөлім басшысы, басқарма басшысы және департамент директоры болып жұмыс істеді. Әкім орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін Малика Бектұрова Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы болып жұмыс істеген.

Серіктес жаңалықтары