Министр Құрмет Талапқазыға құрмет көрсетті

Министр Құрмет Талапқазыға құрмет көрсетті

Министр Құрмет Талапқазыға құрмет көрсетті
ашық дереккөзі
50555
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев құрғақшылық кезінде малы қырылған өңір тұрғындарына шөп жеткізуге көмектескен Құрмет Талапқазыны марапаттады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Министр Құрмет Талапқазының бастамасын қолдап қана қоймай, оны жүзеге асыруға көмектескен болатын. Шабылған шөпті Маңғыстауға жеткізу үшін әкімдіктермен, ҚТЖ сынды басқа да мекемелермен келіссөз жүргізіп, ведомство тарапынан қажет қолдауды көрсетті.  Бүгін сәті түсіп, шаруалармен кездесу барысында Құрмет министрмен жүзбе-жүз кездесті», - деп жазды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Құрмет Естеріңізде болса, біз бұған дейін Білім министрінің Құрметпен телефон арқылы сөйлескені жайлы жазған едік. Содан кейін ол  тегін оқу мүмкіндігіне ие болды.    

Серіктес жаңалықтары