Ғұламалар – ақыл-ой өрісінің шыңы

Ғұламалар – ақыл-ой өрісінің шыңы

Ғұламалар – ақыл-ой өрісінің шыңы
ашық дереккөзі
677

«Есіл көзден нұр тайса, бір көруге зар болар» демекші өткенге өкінішпен қарамай, болашаққа серпілісін қараудың кезеңі келгендей.

Тәрбие терең мағыналы ұғым. Оның басты мақсаты – адамның санасын, ойлау жүйесін  тәртіпке келтіру сонда міндеттіліктің негізі қаланады. Адамзат жасаған ақыл-ой, білім, ғылым тәжірбиесі адамға қандай керек болса, ғасырлар бойы сұрыпталып, шыңдалып жеткен сезім тәжірбиесін білу қанша қажет. Әлем, қоршаған орта туралы  ғылым мен білім мыңдаған жылдарда қалыптасқан болса, адамның сезімі арқылы білінетін оларға қатынасы да соншалықты ұзақ уақыт қалыптасқан. Сол тәжірибені пайдалана отырып, баланың сезімін дамыту, оның қоршаған орта мен үйлесімдікте дамуының алғы шарты болып табылады. Сезімдік тәжрибенің материалдық көрінісі – өнер. Өнер арқылы ғана сезімдік қатынас ұрпақтан – ұрпаққа жетіп отырады, өнер арқылы ғана адамнан – адамға беріліп отырады. «Өнер дегеніміз – сезім техникасы», - деп Л.С. Выготский айтқандай, өнер адам сезімдерін зерделейді, қалыптастырады, таза болуын қамтамасыз етеді. Өнер бұл қызметін адам мен табиғаттың тұтастық қатынасы арқылы үйлесімділікке жүзеге асыра алады. Өнердің қай түрі болмасын, өзіне тән бейнелі тілімен, тәсілдірімен әсемдік әлемін ашып көрсете отырып, адам сезіміне әсер ететіні мәлім. Сондықтан отбасында негізі қаланып, баланың өзіндік шығармашылығына айналатын өнердің мынадай түрлерін атауға болады. Мәселен, өз халқына, Отанға,туған табығатқа, ата – анасына деген сүйіспеншілігі, өзара қарым – қатынасы бейнеленген халық ауыз – әдебиеті, музыкалық – эстетикалық ләззат алатын халық әуендері, классикалық шығармалар, би және бейнелеу, қол өнері т.б. Адам баласы табиғат құшағында тіршілік етіп, өмір сүреді.  Табиғи байлықтардың бәрі адам үшін, тіршілік үшін жаралаған. Дүниедегі тіршілік атаулының анасы табиғат болса, адам баласының өсіп-өңуі табиғат заңдылықтарынан туындаған. Тіршіліктегі өсіп – өңудің басты көзі – ұрпақ өрбіту деп түсінген ата-бабаларымыз «күзді күннің көзіне қызыңды қой, көктемгі күнге келініңді қой» деген ұлағатқа толы қағида қалдырған. Ендеше, адам мен табиғат арасындағы үйлесімдіктің сақталуына, дамуына отбасында жағдай үлкен ықпал етеді. Мысалы, қариялар жаңа ай туғанда оған қарап, тағзым етеді : «Ай көрдік, аман көрдік. Бақытты, байлық заман көрдік. Амандықпен осынша жасқа келдік. Ескі ойда ескіркей көр! Жаңа айда жарылқа!» - деп тілек айтады. Жазғытұрым күн күркіресе: «Ырыздығымды молынан бер. Малымыздың сүтін мол қыл!» - деп тілейді. Ақселеу  Сейдімбек ағамыз    өзінің «Ойтолғақ» кітабында былай деген екен: Көшпенділердің еңбек құралы даланың өзі болған. Сол даланың табиғи білімі мен мауқымдық құнарымен шебер санаса отырып, күнкөрістің берік қорын жасаған. Тау емес, байтақ далаға қатысты, оның бітім-болмысына қатысты көшпенділердің сөздік қорына деп қойып көрелік: дала тепсең, тебін, қиыр, қотан, алаңқай, лаң, тұрақ, жұрт, қоныс, жайлау, суат, жазира, ойыс, дөңес, белес, қырат, садыдала, сарыарқа, шөл, шөлейт, арал, шөл, дала, тақыр, байтақ, күресін, жон, бел, белес, көкжиек, шабындық, ойпан, шалғын, т.ю. Сөз жоқ, даланың рең бітімін ең ұзақ белгілеріне дейін бұлайша жіліктеп атау үшін ол елудің сол даламен кіндігі бір болуы керк. Белгілі ғалым Мұхтар Арын қоғам қайраткері қазақ филологиясының жанашыры «Бес анық» кітабында... Оңтүстік, солтүстік, батыс, шығысты шартарап деп жатамыз. Осыны біз әлі күнге дейін дұрыс пайдалана алмай жүрміз. Қазақтың жерінде толып жатқан тамаша географиялық атаулар бар, соның бәрін жүйелеп айта алмай жүргеніміз де рас. Міне, осыған қатты көңіл бөліп, мән беруіміз керек. Әр ұлттың өзіне тән атамекенді тану тәсілдері бар. «Топоним» деген лингвистикалық термин «жер-су аттары» дегенді білдіреді. Әдетте адамдардың атын азан шықырып, жақсы бір ырымдарға байланысты немесе қарап қоя беретін болса, мекен аттары сол жер-судың өзінен туындап жатады, өздерінің сипаттарына қарай қойылады. Қазақ мұны терең түсінген. Алатау, Қаратау, Көкшетау деп кете беретіні түр-түсіне қарап қойылатындығын білдірсе керек. Қарасу, Ақсу, Көксу дейді. «Қарасу» деп астынан қайнап жатқан суды, «Ақсу» деп ағып жатқан суды, «Көксу» деп мұздан, қардан еріп жатқан суды айтады. Құдықтың да неше түрлі аттары бар: Қарақұдық, Аққұдық, Шұбарқұдық... Өзеңдер көп жағдайда өзінің бойында өсіп тұрған ағаштарға байланысты аталады: Қайынды, Теректі, Қарағайлы, Қаратал, Жиделі, Талды... Табиғаттың ғаламат сипаттарын пайдалана отырып, ат берудің мысалдары бұл. Жер – су атаулары тек қана географиялық функция атқармайды. Тарихи оқиғаларға байланысты, ескіден келе жатқан, жоңғар шапқыншылығынан қалған атаулар да баршылық. Жалпы, атамекеннің қалдырған іздері ұлт ретінде қалыптасуымызға, дүниені тануымызға көмектесіп тұрған сияқты. Сәкен Сейфулиннің мынандай өлеңі бар: «Дүниеде әрбір бөлек жердің аты, Себеппен қойған бәрі елдің аты; Бурабай атаныпты содан бері Ақ бура мекен қылған көлдің аты. Солайша күздер мен көл атаныпты.» Яғни, географиялық карта болмаса да, қарттардың көз алдында, миында, ой-өрісінде жер-су бейнесі, олардың атаулары сайрап тұрған. Сондықтан, мұның бәрі біздің тарихымыз, дүниетанымдық, әлеуметтік өміріміз. Бұған өте сақ қарауымыз керек. Ата бабаларымызға жер-су атаулары дұрыс бағыт-бағдар алып, көшіп-қонып жүру үшін өте қажет болған. Өйткені атауларды алып тастаса, онда халық қайда барып, қайда қонатыны білмей қалар еді. Міне, осыны халқымыз шебер пайдаланған. Аса қажет нәрсе – осының бәрінің неге солай атағанын білуге тырысуымыз керек. Білуге тырысу деген сөз – халқымыздың, ұлтымыздың ерекшелігін, тарихын білумен тығыз байланысты. Мұның өзі терең бір ғылымы, күнделікті практикалық, дүниетанымдықта маңызы зор мәселе. Әрине, оның не айтатыны бар, біздің жер-су атауларымызға үлкен нұқсан келтірілді. Қазан революциясынан кейін талай жер халқымызға қатысы жоқ адамдардың атымен, өз көзқарастарының қабылдауымен Дмитриевка, Ябловка,Достижение, Молотов т.б.аталды. Осылайша біздің топонимдік жүйеміз талқыланды. Оның құрылымы бұзылды. Тәуелсіздікке жеткеннен кейін еріксіз халықтан сұрамастан өзгертілген атаулар қалпына келтіріп жатыр. Дегенмен бұл ретте атқарылар шаруалар әлі көп-ақ. Халқымыздың әлеуметтік, дүниетанымдық жерге деген мәдени көзқарасы енді рулық денгейде емес, ұлттық деңгейге, Қазақстан – қазақ елі – деп аталатын мемлекеттік территориясын, ауқымын елестетуге жас ұрпақты тәрбиелеу арқылы қолға алу керек. Осы жерде отырып, «менің Көкшетауым», «менің Жетісуым», «менің Ертісім», «менің Зайсаным», «менің Үшқоңырым» дейтін халге келтіру қажет. Әрбір қазақтың бойында жерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Қазақ ата-бабасының мүрдесі жатқан жерді қатты қадірлейді, қастерлейді. Бұл – жақсы қасиет. Енді еліміздің кен байтақ өлкесін, Есет әулиенің, Қабанбай, Бөгенбай, Қарасай, Жәнібек, Ескелді, Райымбек батырлардың жатқан жері деп тұтас қарап үйренуіміз керек. Арғы түбіміз осы жерден шыққан, біздің тарихымыз да, өткеніміз де осы деп қарайтын болсақ, өзіміздің жерге, атамекенге деген патриоттық сезімімізді дұрыстап шыңдай аламыз. Сонда ғана біз атамекен тұтастығы мен ұлт тұтастығы екеуін қатар ұстай аламыз. Атамекен деген ұғымды әр адамның ұлтқа тән екендігін білдіретін қажетті сипат деп қарауымыз да осыдан туындап отыр. Осыны мектеп дәрежесінде балаларға түсіндіре алсақ, күнделікті өмірде осыған мән берсек, одан қашанда ұтарымыз мол. Кезінде М.Дулатов... Уақыт әлденелерді көнертіп, өшіреді, әлденелерді кенелтіп өсіреді. Көне тозады, жаңа озады. Бұл – тұрғыдан қарағанда қазақ халқы тарихында да, педагогикасында да тозған дәуір – дәурені өткен көнерген, тозған қағидалар жоқ емес. Қазақ халқының бейнелеу өнері ежелден – ақ басқа өнерлеріміздің тұңғышы болмаса да өз мезгіліне сай тұрмысымызға өз еншісін тауып енген сала. Шүкір, табиғатында сымбатты өнері сәуле шашқан, кемел суретші қол өнер хас шеберлерінен кенде емеспіз. Қазақтың ою-өрнегі бүгінгі ұрпақ үшін тек тарихи мұра ғана емес немесе өткен өмірдің сұлулық туралы айтып кеткен «тілі» емес. Қазақ ою-өрнегінің ғажайып қиялы мен пластикасына ден қойып, символдың тілін түсінер болсаңыз, ол да перғауын мүсіндері, Христиан ғибадатханаларындағы бейнелер ацтектердің мінәжат орындары немесе Үнді мен Қытайдың жартастан ойған бұтханалары, Сезанн мен Ван Гогтің сұңғат суреттері сияқты жан жүрегіңді нұрландырып өміріңе мағына дарытады. Ою – өнерінің тілінің құдірет әмбебаттығы тәнтті етеді. Қазақтың ою-өрнегі де махаббат пен ғадауат, күрес пен үміт, өткінші мен мәңгілік туралы даналыққа толы сыр шертеді. Біздің ата-бабамыз қызығын көрген музыкамыз, ауыз әдебиетіміз, қол-өнеріміз, салт-дәстүріміз, далалық архитектурамыз (киіз үй, бейіт, қорған т.б.), ас әзірлеу дәстүріміз, бала тәрбиелеу тәжрибеміз, қонақжайлығымыз, әсіресе табиғатпен біте қайнасқан психологиялық қалыбымыз, бәрі-бәрі ен озық мәдени  бастауларға тұғыр бола алады деп суреттейді ғалым Өмірбекова. Сурет салуды барша бала жақсы көреді – бұл қоршаған орта әлем алдында өзінің қуанышқа бөленіп, шаттануын бояу тілімен көрсете білу немесе оның ұнамсыз жақтарын көрсетудің тамаша мүмкіндігі болып табылады. Бала салған сурет – бұл бала жанының ересектер әлемі арасындағы өзінше бір байланыстырушы жалғастықтағы бөлім, сондай-ақ үлкендермен, аға буынмен, сенімді «сұхбат» жасаудың ерекше түрі болып табылады. Бала салған суреттерді қарап отырып, үлкендер олар жасаған ашық, айқын бейнелердің мәнерлігіне (әдетте, бұл жұмыстарда бейнелеу сауаттылығы деп аталатын нәрсенің жоқтығына қарамастан) таң қалады. Мектеп жасына дейінгі балалар сурет сала алмайтындығына қынжылмайды. Олар көбінесе белгілі бір идеяны білдіретін бейнелерді (символ) ойлап тауып, оларды қағаз бетіне түсіреді. Өздерінің шығармашылығына қуанып, риза болады. Бірақ, бұл қуаныш өздерін жақсы көретін, бірақ әр нәрсеге шүбә көзімен қарайтын ата-аналарының «сенің мынау салғаның не?» деген жеке-сынды сұрақ қоймағанша жалғасады. Содан кейін, әдетте мынандай сөздер тізбегі келеді : «Мынауың тіпті ұқсамайды...Сен немене білмейсің бе, оның қандай екенін? ... Сен немене  суретті де дұрыстап сала алмайсың ба?» баланың ренжіп, шаттанған, әсерлі көңілінің төмен түсіп қалғанын байқаған ата-ана оны жұбатып: «Ештеңе етпейді, сен бәрібір, өскенде суретші болмайсың ғой...».  Бұл жағдай, яғни ата-анамен болған келеңсіз әңгіме ұзақ уақыт баланың есінде сақталып қалады да  оның  бейнелеу әрекетіне деген қызығушылығы төмендей бастайды. Үлкендердің осындай қарапайым білместігі, дәлірек айтсақ мәдени-көркемдік жағынан әдепсіздігі баланың  көркемдік шығармашылық дамуына кері әсер етеді және кішкентай суретшіні қынжылтады. Ал міне, бала мектеп оқушысы болды. Ата-аналар алдында көптеген білім саласына қатысты өзекті мәселелер туындайды, соның бірі – баланың оқып, білім алуына қалай көмектесу керек? Мектепте оқытылмайтын пәндер құпия түрде негізгі, яғни көмектесу қажет болатын және екінші дәрежедегі, яғни ата-аналар назарын соншалықты қажет етпейтін пәндер болып екіге бөлінеді. Соңғысына автоматты түрде «бейнелеу өнері», «технология» пәні кіреді. «Менің балам ешқашан суретші болмайды», «еңбек - технология» қажеттілігі шамалы – дейді көпшілік ата-ана. Мұнымен келіспеуге болмас: әрине балалардың бәрі өскенде суретші  болуы қажет емес, бейнелеу өнерін мектепте оқыту бағдарламасында мұндай мақсат қоймайды,   барша оқушыны жатпай кәсіби суретші жасау мақсатын көздемейді. Бейнелеу өнері, яғни сурет сабағы оқушыларда кез-келген тақырыпты стандартты емес түрде, еркін баяндау қабілетін қалыптастырады; шығармашылық қабылдау мен ойлардың дербестігін дамытады; кез-келген прблеманы шешуге шығармашылықпен амал қолдануға үйретеді. Басқаша айтқанда «Бейнелеу өнері» «Ән-күй» пәндері баланың жеке ерекшелік дербес, даралығын, дарындылығын, өзгелерге ұқсамайтын қасиеттерін ашып, қалыптастырады, шығармашылық қабілетін дамытады. Ш.Уалиханов ғалым-зерттеуші саяхатшы болғанымен суретшілік дарыны болған оны ашқан әрине оқыған білім алған оқу орны. Бәрімізге әйгілі «Байтерек» жобасын ең алғашқы нобайын эскизін  салған Елбасы Н.Назарбаев осы күнге дейін қолы бос кезде қолына қыл қалам алатыны баршамызға мәлім. Мысалдар көп келтіруге болады әсемдікке талпыну әр адамның бойында бар қасиет тек дамыту керек. Қай саланың маманы болмасын бойындағы жасырынып қалған талантты шығару парыз осыған ой жүгірткеніміз дұрыс. Қазақстан Республикасы Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында білім беру мазмұнына айрықша мән беріліп, адамның рухани жан-дүниесін дамуына, шығармашылы мен белсенділігіне жағдай жасау керектігі айтылған. Осы  тұрғыдай қарастырсақ, тұлғаның шығармашылығын дамыту, оны жаңа талап тұрғысынан шешу негізі міндеттердің бірі болып саналады делінген. Осы айтылған істі жүзеге асыру біздің міндетіміз. Мақсат қоямыз, оны орындамаймыз. Қазіргі күні  біз көбінесе техникалық жетістіктерге  «цифрлық әлем» «робот» - қа сенеміз. Ал көптеген дамыған елдер шығысы бар, батысы бар Жапония, Қытай,Оңтүстік Корея, Сингапур, Финляндия, Италия, Германия т.б.бала ой-өрісін дамытуда сурет, ән-күй, қолөнерге, драмалық қойылымдарға үлкен көңіл бөледі. Мысалы, Финландияда сабақта тас қашатып түрлі шағын мүсін заттарын, өрнектер түрлі бейнелер салып, көне әндермен жалғасын тауып бұғы терісін илету арқылы шағын сувенирлік дүниелер жасатуға көңіл бөледі. Қытай, Сингапур қыш өнерін дамыту балаларға үйрету, көне салт-дәстүрлерін драмалық қойылымдарда көрсете отырып түрлі құмырадан жасалынған қыш өнерін паш етеді. Айта берсе үлгі көп Жапония алдына жан-салмайды өнерді насухаттауда т.т.б. Ең бастысы техника қанша дамып жатса да сурет, бейнелеу, қол өнеріне үлкен көңіл бөлінген. Біз болсақ  мектепте бәрін оңтайландырып «технология» пәнімен шекелдік бұл жеткіліксіз. Сингапурда жас өспірімдерге сабақ бергенде, мысалы, инелік бейнесі оның әсемдігін табиғатпен үйлесімдігін суреттей отырып, оңды –соңды ұшқанын әнкүймен салыстырып, тұлғасын шар айнадай көз бейнесінің аэродинамикалық қасиетін физика, математика пәндерінде талқылайды. Осылай суреттеу арқылы жалпы табиғаттың тылсым көріністерін, құстармен үйлесімдігін көрсетеді. Осы бағытта біз неге жұмыс істемеске. «Ел іші кенші, «Өнерді үйрен, үйренде жирен»» - деген аталы қағидаларымыз қайда қалды?!  Педагогиканың жаңа бір саласы артпедагогика болып табылады. Бүгінгі технократтық дамуда өнер саласы бойынша да тек қана қол жұмысы шеберлігі мен шектелмей көптеген инновациялық әдістемелерді меңгеру міндетті. Осы орайда көркемдік білім беруде артпедагогиканың ролі жоғары. Жалпы педагогикалық біліммен қоса көркемдік білім берудегі артпедагогика пәні өнер саласы мамандықтарының болашақ мамандық иелері үшін өте өзекті. Себебі, болашақ бәсекеге қабілетті мамандық иесіне сұранысты талап етіп отыр. Артпедагогика пәні негізінде жеке тұлғаның социумдық ортада өзін өзі таба білу мен өмір сүре біліуінің маңызы артып отыр. Бізді қоршаған табиғи ортамыздан бөлек, қоғамдық қаншама орта бар. Біздер бірнеше қоғам мүшелері біріккен ортада өсіп дамудамыз. Сондықтан өз заманының талаптары мен біліктілігіне лайықты, инновациалы, құзіреттілігі жоғары жек тұлғаны көркемдік білім берудегі тәрбиесі мен білім деңгейі жоғары болуы өте маңызды. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, артпедагогика пәні аясында,артбілім пәні Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің педагогикалық мамандықтарының бірінші курс студенттеріне екі кредиттен оқылып жатыр. Артбілім пәні негізгі үш блоктан Ежелгі Қазақстанның мәдениеті мен өнер тарихы, Орта ғасырлық мәдениет пен өнері бойынша тарауларға бөлініп, бейнелеу өнері, сәндік қолөнер, ауыз әдебиеті, музыка,кино, драма тақырыбында дәрістер оқылып, семинарлар өткізілуде. Педагогика және психологоия институты, әсіресе Бастауыш білім беру бағдарламасында қомақты қамтылған және Өнер, мәдениет және спорт институты артбілім ошағы болуға талпынуда. Оған айғақ «Ұстазына қарай шәкірті»-демекші Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Бейнелеу өнері және сызу» кәсіби білім мамандығы бойынша РһD философия докторы дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңес құру қолдауын тапса дұрыс болар еді. Өткенге өкішішпен қарамай, болашаққа серпіліспен қараудың кезеңі келгендей,жақсыны асырып, жаманды жасырып, өнерімізге мін тақпай сынмен ұшталайық. Тәрбие терең мағыналы ұғым.Оның басты мақсаты адамның санасын, ойлау жүйесін тәртіпке келтіру сонда міндеттіліктің негізі қаланады. Текті қазақ дәреже, жақсы қазақ Мәңгілік ел атақ аброй болсын.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б. Әлмұхамбетов

Серіктес жаңалықтары