Кабулда жарылыс болды

Кабулда жарылыс болды

Кабулда жарылыс болды
ашық дереккөзі
50184
Бүгін Ауғанстан астанасында жарылыс болды, деп хабарлады turkystan.kz. Ауғанстан Ішкі істер министрлігі Қауіпсіздік басқармасының хабарлауынша, жарылғыш зат Кабул паспорт кеңсесінің алдында тұрған көлікке орналастырылған. Жарылыстан кейін белгісіз содыр ғимаратқа баса-көктеп кірмек болған. Бірақ оны қауіпсіздік қызметкерлері тоқтатты. Жарылыстан ешкім зардап шеккен жоқ. Бейсенбі күндері Кабул паспорт кеңсесі тек Талибан мүшелеріне ғана ашық. Сондықтан жарылыстың нысанасы тәліптер болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары