Алматыда жалған «Microsoft» өнімін сатқандар ұсталды

Алматыда жалған «Microsoft» өнімін сатқандар ұсталды

Алматыда жалған «Microsoft» өнімін сатқандар ұсталды
ашық дереккөзі
50233
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті «Microsoft» лицензиясы жоқ бағдарламалық жасақтамасын сату арнасының жолын кесті, деп хабарлады turkystan.kz. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында алаяқтар бірқатар жалған компанияны пайдалана отырып, «Microsoft» компаниясының өнімін жеткізуге ең төмен баға ұсынысымен мемлекеттік сатып алуға қатысқандығы анықталды. Конкурстық іріктеу қорытындылары бойынша олар жеңімпаз деп танылып, жалпы сомасы 50 млн теңгеден астам бірқатар мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерге  «Microsoft Office Professional» лицензиясы жоқ бағдарламалық жасақтамасын жеткізген. Қазіргі уақытта Алматы қаласының тергеу соты үш тұлғаға қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары