50221
Мемлекетке 1 млрд теңге көлемінде залал келтірген азамат сотталды
Мемлекетке 1 млрд теңге көлемінде залал келтірген азамат сотталды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті салық төлеуден жалтару мақсатында кәсіпкерлерге жалған шот-фактуралар жазып берген А.Махатаевтың заңсыз әрекетін анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.
Тергеу мәліметтері бойынша, А.Махатаев 2017-2020 жылдар аралығында өзінің туыстары мен таныстарының атына «Мейір құрылыс», «Тыныштық 2018», «Элит Капитель», «МАГМА-2018», «Ашимов и Ко», «A L A T A U K», «S-Industry», «БЕС ҚАСҚА», «ЖОРҒА 2019», «ИНТЕРТРАНССЕРВИС-2020», «Eхcellent», «УГАМ 2018», «005», «Эверест К» ЖШС кәсіпорындарын тіркеген.
Аталған кәсіпорындар контрагенттерге төлемдерді төлеуден жалтаруға жәрдемдесу үшін құрылған.
Бұл фирмалардың кеңселері, қызметкерлер штаты, өндірістік-техникалық базасы және қоймалық үй-жайлары болмаған.
Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 1 млрд теңгеден астам мөлшерде залал келтірілді.
А.Махатаев 4 жылға бас бостандығынан және 10 жылға кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.
Келтірілген залал сомасы мемлекет кірісіне айналдырылды.