Аяз ата болып киінген облыс әкімі сыйлық таратты

Аяз ата болып киінген облыс әкімі сыйлық таратты

Аяз ата болып киінген облыс әкімі сыйлық таратты
ашық дереккөзі
50445
Өзбекстандағы Сырдария облысының әкімі Гофуржон Мирзаев Аяз атаның киімін киіп, балаларға сый-сияпат жасады, деп жазды turkystan.kz. Ел президентінің «Халықтың аз қамтылған топтарын әлеуметтік қорғауды қолдау жөніндегі қосымша шаралар жайлы» Жарлығын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімі өзінше жоба бастаған. Желтоқсанның 26-сы Сырдария облысының әкімі Гофуржон Мирзаев пен сектор басшылары Улугобод ауылына барды. Мұнда олар материалдық көмекке мұқтаж отбасыларға кіріп-шықты. Атап айтқанда, облыс әкімі 9 жасар бүлдіршіннің тұратын үйінде болды. Әкім президенттің құттықтауын оқып, сыйлықтар табыс етті. Сонымен қатар ол асыраушысынан айырылған отбасылардың да үйін аралады.
«Үш балам бар, үлкені екінші топтағы мүгедек еді. Үш жастан бастап оған екі рет ота жасалды. Аяз ата болып киінген облыс әкімінің үйімізге келуі күтпеген тосын сый болды. Біз өте қуаныштымыз! Әсіресе балалар мәз», - дейді жергілікті тұрғын.

Серіктес жаңалықтары