Дамушы елдердің валюталарына шолу

Дамушы елдердің валюталарына шолу

Дамушы елдердің валюталарына шолу
ашық дереккөзі
50244
Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 24 желтоқсанда теңгенің нарықтық бағамы бір апта ішінде 0,7%-ға (435,54 теңгеден) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 432,28 теңге деңгейінде қалыптасты, деп жазды turkystan.kz. Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:
  • түрік лирасы Түркия Үкіметінің ұлттық валютаны қолдау шаралары туралы, оның ішінде айырбас бағамының әлсіреуі банктердің пайыздық мөлшерлемелерін арттырған жағдайда, депозиттерін лирамен ұстаушылардың шығындарын өтеу бағдарламасы туралы хабарлауы аясында 35,2%-ға (16,41-ден 10,64-ке дейін) нығайды;
  • Оңтүстік Африка ранды АҚШ-тың 31 желтоқсаннан бастап ОАР-мен әуе қатынасын тоқтата тұрудың күшін жою туралы хабарламалары аясында 2,1%-ға (15,88-ден 15,55-ке дейін) нығайды;
  • үнді рупиясы экспорттаушылардың ұлттық валютаның одан әрі нығаюынан қауіптеніп, шетел валютасын сатуы аясында 1,4%-ға (76,09-дан 75,02-ге дейін) нығайды;
  • Индонезия рупиясы коронавирустың жаңа штамына қатысты қауіптенудің азаюы аясында 1,1%-ға (14 355-тен 14 197-ге дейін) нығайды;
  • Мексика песосы мөлшерлеменің 5,5%-ға дейін 50 б.п. артуына байланысты кэрри-трейд операцияларының тартымдылығын арттыру аясында 1%-ға (20,83-тен 20,62-ге дейін) нығайды;
  • Ресей рублі салық кезеңі мен мұнай бағасының өсуі аясында 0,6%-ға (74,1-ден 73,62-ге дейін) нығайды;
  • Бразилия реалы Орталық банктің спот нарығында 500 млн АҚШ долларын сату бойынша аукцион өткізуі аясында 0,4%-ға (5,69-дан 5,67-ге дейін) нығайды.
 width=
Суретті үлкейту
 width=

Серіктес жаңалықтары