50234
Екібастұзда 10 млрд теңгеге салынған нысан қаңырап тұр (ВИДЕО)
Екібастұзда 10 млрд теңгеге салынған нысан қаңырап тұр (ВИДЕО)
Екібастұзда бюджеттен бөлінген 10 млрд теңгеге салынған нысан қаңырап тұр, деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
12 жыл бұрын іргетасы қаланған оқу орталығының құрылысы былтыр ғана аяқталған. Бірақ онан кейін де ешқандай мекеменің қарамағына алынбапты. Бюджеттің қыруар қаржысына тұрғызылған ғимаратты 4 бірдей министрлік пен Павлодар облысының әкімдігі қалай пайдаға жаратарын білмей отыр.
Алғашқыда бұл орталықта отын және энергетика саласына қажетті мамандар даярланады деп жоспарланған. Алайда, ол жүзеге аспады. Себебі, құрылысты жобалау жұмыстары дұрыс жүргізілмеген. Салдарынан ғимараттың жертөлесі суға толып, құрылыс тоқтаған. Сол уақытта есік терезесі тоналған. Одан қалды, шатыры өртенген. 12 жылда құрылысына 10 млрд теңге жұмсалған нысан енді қазір бос тұр.
- Өткенде Мемлекет басшысы Екібастұз қаласына келіп үлкен жиын өткізді, моно қалаларды дамыту бойынша. Қандай жоспарымыз бар баяндадық. Осы оқу орталығы туралы мен ұсыныс енгіздім. Үкіметке сонымен қатар маған тапсырма берілді. Біз бір шешімге келу керекпіз, - деді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов.Жергілікті шенділер ғимаратты қайда, қалай пайдалану мәселесін қарастырып жатқандарын айтады.
- Жақында орталыққа Еңбек және әлеуметтік қорғау, білім және ғылым, индустрия және инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ, цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің өкілдері келді. Еңбек министрлігі өндірістік мамандарды, оның ішінде IT саласына қажетті мамандық иелерін даярлауды ұсынды, - деді Павлодар облыстық Білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Александр Вервекин.Аталған құрылысқа қатысты ешкім жауапкершілікке тартылмаған. Ал нысаннның алдағы тағдырын енді 4 бірдей министрліктен құрылған арнайы комиссия шешпек. Бірақ олардың қашан бір шешімге келері белгісіз.